10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Еркектер қызғаныштан жылап жіберетін керемет хадис

Исламдағы отбасы
Жарнама

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдер қауымын сондай керемет хадиспен сүйіншіледі. Бұл хадис екі дүниеде де әйелдердің абыройын асқақтатып, дәрежесін көтереді.

Әбу Һурайраның (Алла оған разы болсын) сөзінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер әйел бес уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза ұстаса, ар-намысын қорғайтын болса және күйеуін тыңдайтын болса, оған: «Жәннатқа қалаған қақпаң арқылы кір», – деп айтылады». (Ибн Хиббан 1296. Хадис сахих (сенімді), «Сахих әл-жәми’» 660).

Бұл хадисте Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдің күйеуіне бағынуын намаз және ораза секілді маңызды құлшылықтармен бір қатарға қойды. Және осыған сәйкес, егер әйел күйеуіне бағынбайтын болса, демек, ол бұл үлкен игіліктен мақрұм қалады. Ал салиқалы мұсылман әйелге Алланың разалығы мен сегіз қақпа арқылы Оның Жәннатына кіруден басқа тағы не керек?!

Осы ізгі амалдарды орындай алатын иманды әйелі бар ер азамат қандай бақытты десеңізші! Себебі, отбасында ынтымақ пен тыныштық болса, міне, бұл – нағыз Ислами үлгілі отбасы болғаны. Мұндай шаңырақтың шайқалуы әсте, мүмкін емес.

ummet.kz

Бөлісу: