05 Қараша 2026, Бейсенбі 25 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:39
Күн 07:08
Бесін 12:03
Екінті 14:58
Шам 16:47

Туыстарыңның «капризіне» – берекеңнің көзі жасырылған

Туыстарыңның «капризіне» – берекеңнің көзі жасырылған

Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді:


«Кімде-кім  Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсы қарсы алсын. Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін. Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда жақсы сөз айтсын немесе үндемесін» (Муслим, Бұхари).

Ардақты Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ризығының кеңеюі мен өмірінің ұзаруын қаласа, ол туыстарымен қарым-қатынасын жасасын» деп өсиет айтты. (Бұхари).

Кейде ойланбастан: «Түй, мына туыстар бәле болды, бір нәрседен құтылсаң, екіншісі шығады. Той-домалағы да, проблемасы да бітпейді осылардың. Кеше соғымның етін алып едік, пәленбай күн жатып алып ішіп кетті» секілді наз айтуымыз бұл қағидаға қайшы екен. Ал барлық игілік пен жақсылық, бақыт пен сәттілік қолында болған Алла Тағала біздің бай әрі ұзақ ғұмыр кешуімізді – туысқандардың «капризіне» сабыр қылу, проблемасын шешуге тырысу, қуанышы мен қайғысына ортақтасуға байлап қойыпты. Қандай қарапайым әрі тамаша формула! Сен Алла бұйырғандығы үшін, сауаптан үміт етіп туыстарыңмен жақсы қарым-қатынас ұстайсың. Сонда сенің мал-мүлкіңе, отбасыңа береке бітіп, ғұмырың ұзарады!

материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz