24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Неке қиюдан бұрын құда түсу – сүннет

Неке қиюдан бұрын құда түсу – сүннет

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі үшін де, өзгелер үшін де құда түскен.

Құда түсіп, сөз салудағы мақсат қыз бен әке-шешесінің пікірін білу әрі ол кыз бен үй-ішіндегілердің көзқарасын айқындау. Өйткені неке қиюдан бұрын екі жақтың келісімі болуы қажет.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйел адамның некесін рұқсатын алып қана қиюға бұйырған. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Жесір әйелдің келісімі, ал қыздың рұқсаты алынбайынша, неке қиылмайды», деп айтты.

Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Қыздың рұқсаты қандай болады?» - деді. Алланың елшісі (с.а.с.): «Үндемеуі», - деді», - деген.

материал «Жұбайлар шаттығы» кітабынан алынды,

ummet.kz