08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Шам 17:42
Құптан 19:08

Ұрысқан сайын «кет» деп айтса, ол «талақ» болып санала ма?

Ұрысқан сайын «кет» деп айтса, ол «талақ» болып санала ма?

«Кет» деген сөз – тікелей «талақ бол» деген мағынаны білдірмейтіндіктен, айтушының ниетіне қараймыз.

Егер ниетінде «талақ еттім, енді ерлі-зайыпты емеспіз» деген мағынада айтса, «кет» деген сөзі талақты білдіреді. Ал ол сөзді «талақ ету» ниетімен емес, жай ренжіп «кет» деген болса, онысы «талақ» болып саналмайды. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz