Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ей, Хусайн! Сен қанша құдайға құлшылық етесің?»
Ол: «Жерде жетеуіне, ал көкте біреуіне», - деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Саған бір зарар тисе қайсына жалбарынасың?».
Хусайн: «Көктегісінен жәрдем тілеймін».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ал дүние-мүлкің шығынға ұшыраса ше?»
Хусайн: «Көктегісіне жалбарынамын»
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ол саған жалғыз өзі жауап береді, ал сен оған басқаларды серік етіп жүрсің бе?! Алланың берген нығметіне шүкір етуге разысың ба әлде шүкірлік басым түсіп кетеді деп қорқасың ба?!»
Хусайн: «Жоқ, екеуіде емес»
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ей, Хусайн! Бір Аллаға ғана құлшылық етсең амандықта боласың»
Хусайн: «Менің бір тайпам, бір руым бар… Оларға мен не деп айтамын?»
Алла Елшісі: «Уа, Алла! Ісім оңынан болуы үшін Өзіңнен тура жолға салуды сұраймын, ілімімді арттырып, оны пайдалы ет», - деп дұға жаса», - деді.
Хусайн бұл дұғаны қайталады. Пайғамбарымыз ол Исламды қабылдағанша орнынан тапжылмады. Бұны көрген баласы Имран әкесінің басынан, екі қолы мен аяғынан сүйіп, қуанышын білдіріп әлек.
Сыртынан бақылаған Аллаһ Елшісі көзіне жас алып: «Имранның іс-әрекеті көзіме жас үйіртті, әкесі есігіме кәпір болып кіргенінде ұлы ол үшін орнынан тұру былай тұрсын, бұрылып та қарамап еді, ал, енді әкесі дінге келген бетте оның хақысын өтегенін көріп жүрегімді бір жылулық басты», - деді.
Хусайн үйіне оралуға бет алғанда Алла Елшісі сахабаларына: «Қане, тұрыңдар, үйіне дейін шығарып салыңдар», - деп құрмет көрсетуді әмір етті. Хусайн табалдырықтан аттай бергенінде Қурайш тайпасы оның Ислам дінін қабылдағанын көріп, «Ол дінін тастады», - деп жан-жаққа тарай жөнелді.
Пайғамбарымыздың зина жасауға рұқсат алғысы келген жігітке дөп басып айтқан мына тәсілдеріне қарашы! Яғни, әлгі жігіт келіп, зина жасауға ашық сұранады. Пайғамбарымыз оған: «Басқалардың анаңмен зина жасағанын қалар ма едің!?», - деді.
Ол: «Әрине, жоқ», - деді.
Алла Елшісі: «Дәл солай адамдарда ол нәрсені жек көреді.Қарындасыңа зина жасалғанын қалар ма едің?!»
Ол: «Әлбетте, жоқ».
Алла Елшісі: «Дәл солай адамдарда ол нәрсені жек көреді. Қызыңа зина жасалғанын қалайсың ба!?», - деді.
Ол: «Әрине, жоқ».
Алла Елшісі: «Дәл солай адамдарда ол нәрсені жек көреді».
Ол: «Уа, Алланың Елшісі! Мен зинадан тәубе еткеніме сені куәлік етемін», - деді.
Бұл дәлел келтірудің көркемдігі мен дәлдігіне және адамдардың жүрегіне тигізетін әсеріне зер салшы!
материал «Пайғамбардың (с.ғ.с) IQ-ы» кітабынан алынды,
ummet.kz