24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Адамдық қасиет

Адамдық қасиет

Иса пайғамбар (а.с.) бірде: – Егер де ұйықтап жатқан адамның жамылғысы ашылып қалса, қайтер едіңдер? – дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар:

 

«Жабамыз, әрине», –  деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.): «Меніңше, қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар», – дейді. «Ол не дегеніңіз?» – дегенде, ол өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді: «Біреудің айыбын жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу – ашылмаған жақтарын да қоса ашып тастағанмен тең. Бұл – үлкен тәрбиесіздік», – деген еді. 

Құдайберді Бағашар