09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Сабыр түбі – сары алтын

Сабыр түбі – сары алтын

Сабыр діннің жартысы. Намаз болса діннің тірегі. Бұл екеуіне жабысқан адам көздегеніне, мақсатына жетеді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Сабыр еткен адам жеңіске жетеді» деп бұйырған.

Ахмед Жүрйани хазірет былай деген: «Бұл дүниенің негізі қиыншылықтан құралған. Қиыншылықтың сабыр етуден басқа емі жоқ, шыдап, төзуден басқа құтылу жолы жоқ. Сабырдың әсіресе мына үш түрі өте керемет: Хаққа құлшылық етудегі сабыр, күнә жасамауға сабыр, бәле мен бақытсыздық кезіндегі сабыр».