24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Өзін өртеуді өсиет етті

Өзін өртеуді өсиет етті

Пайғамбарымыз былай дейді: «Сіздерден бұрынғылардың заманында, Алла мал-дүние, бала - шаға берген бір кісі болады. Оған ажал сәті жақындағанда, өз балаларына:

 

-              Мен сендерге қандай әке болдым? – деді.

-              Жақсы әке болдыңыз, - деді балалары.

Сонда әкелері: Мен өмірімде бір жақсылық істемеген адаммын. Сондықтан мені өлгенімнен кейін өртеп, сүйегімді ұнтақтап, күлімді дауылды күні далаға шашып жіберіңдер», - деп өсиет етті.

Балалары өсиетті орындап, әкелерін өртеп, күлін дауылды күні далаға шашып жібереді.

Аса Құдыретті Алла сол кісінің шашылған күлін жинап, қайта тірілтіп, одан: «Мұндай істі істеуге сені не итермеледі», - деп сұрады. Әлгі кісі: «Сенен қорыққандығым», - деді. Сонда Алла оны өз мейіріміне бөледі»[1].

Алладан шынайы қорқу – азаптан құтылудың жолы.

 



[1] Имам Әл-Бұхари, Әбу Сағит риуаят еткен.