09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:05
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:34

Рукуғта және сәждеде имамнан озып кетуге қатысты тыйым

Рукуғта және сәждеде имамнан озып кетуге қатысты тыйым

Әнәстен (Алла оған разы болсын):

Ол: «Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) бізге (имам болып) намаз оқыды. Намазды аяқтаған соң бізге жүзімен бұрылып: «Ей, адамдар, расында, мен – сендердің имамдарыңмын. Рукуғта, сәждеде, қиямда және (намазды) аяқтауда менен озып кетпеңдер. Расында, мен сендерді алдымда және арт жағымнан көріп тұрамын»; Содан кейін ол: «Мұхаммедтің жаны қолында болған (Алла) пен ант етемін! Егер де сендер менің көргенімді көргендеріңде, міндетті түрде аз күліп, көп жылайтын едіңдер», – деді. (Адамдар): «Сен не көрдің, уа, Алланың елшісі?» – деп (сұраған еді), ол: «Жаннат пен тозақты көрдім», – деп айтты», – деген1 (426/112).

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісі (с.а.с.): «Намазында басын имамнан бұрын көтеретін (адам) Алла оның бейнесін есектің бейнесіне өзгертуінен қауіпсіз емес», – деп айтты», – деген (427/115).

материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz