27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Шымкент: Жаңа кітап жарық көрді

Шымкент: Жаңа кітап жарық көрді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен республикалық мешіт және медресе ұстаздарына арналған «Ихсан ілімі – тәрбие көзі» рухани-танымдық конференциясы ұйымдастырылды.

Конференция аясында Шымкент қалалық Әйел-қыздар секторының ұстазы Гүлжан Сыдықова дайындаған «Құран жаттап, өміріңді өзгерт» (Құран жаттаудың әдіс-тәсілдері мен кестелері) атты кітаптың танытымы өтті. Кітапқа ҚМДБ сараптама секторының оң қорытындысы берілген.

Кітаптың танытымына шаһардың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Тілегенова, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы Шамшат Әділбаева, қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова, Нұр-Сұлтан қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Динара Нұрғалиева, педагог-психолог, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің ұстазы Қалбибі Ермұратова, Өскемен қалалық Әйел-қыздар секторының және «Зере ана» қоғамдық қорының жетекшісі Талшын Зарқымқызы т.б. ұстаздар қатысты.

Кітаптың қасиетті Құран Кәрімді үйренуші және жаттауға ниет еткен оқырманға берері мол. Айта кетсек, игі шара ҚМДБ қолдауымен республикалық деңгейде онлайн түрінде көрсетілді.

IMG-20210615-WA0077.jpg

ae96e9ef-183d-4f46-b865-bf53fc7727a9.jpg

623575dc-5fae-4a81-9f75-d28b6ac927b3.jpg

5908779e-1170-4f70-8796-8959c780d0e9.jpg

Бөлісу: