24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти І республикалық уағызшылар форумында баяндама жасады (фото)

Бас мүфти І республикалық уағызшылар форумында баяндама жасады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан қоғамында уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында өтіп жатқан І республикалық уағызшылар форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

ҚМДБ Төрағасы уағыз айтудың әдебі мен уағыз айтушының жауапкершілігіне ерекше тоқталды. 

«Имам – қоғамды тәрбиелеуші тұлға, ағартушы ұстаз. Отаншыл, аманатқа адал, адамгершілігі мол иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. 

Бұл ретте жамағатқа даналық жолмен насихат айтудың маңызы айрықша. Алла Тағала қасиетті кітабымыз Құранда «Нахыл» сүресінің 125-аятында: «Раббыңның жолына даналықпен әрі жанға жағымды уағыз-насихат айту арқылы шақыр! Сондай-ақ Алла жолында күресу немесе сөз таластыру керек болғанда әрдайым сөз бен іс-әрекеттің ең жақсысын таңда...» деп әмір еткен. Кейбір дін мамандары сөз жауапкершілігін сезінбей,  халқымыз қастер тұтқан ұлттық құндылықтарымыз бен тарихи тұлғаларымыз жайлы біржақты пікір айтып, қоғам сынына ұшырап жатады. Мұндайда Жүсіп Баласағұни бабамыз:

«Айтар сөзді сайлап алғын ақылмен,

Жауабың дөп, қатар түссін нақылмен», – демей ме?. Осы ретте дін қызметкерлерін тыңдаушылар алдында байсалды мінез танытып, әр мәселеге байыппен қарауға шақырамын. Дін адамы тек дін тақырыбында ғана айтуы тиіс. Алла Тағала өзіміз білмейтін нәрсенің соңына түспеуді ескерткен. Бұл туралы Құранда: «Өзің нақты білмейтін нәрсенің (мәліметтің) соңына түспе...» («Исра» сүресі, 36-аят) деп әмір етілген» деді Бас мүфти. 

Айта кетейік, республикалық уағызшылар форумы елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Форумда дін қызметкерлеріне «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжаты таныстырылады.

Бөлісу: