Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген.
Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды.Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен.