29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Ораза айт күні орындалатын сүннет амалдар

«Айт» сөзі араб тілінен алынған. Ол - «қайту, оралу, мейрам, қуанышты күн»деген мағыналарды білдіреді. Ибн Араби: Айттың "айт (оралу)" деп аталуының себебі, жыл сайын жаңа қуанышпен қайта келіп отырғандығынан» дейді.

Рамазаннан кейінгі 6 күндік нәпіл ораза жайлы не білеміз?

Тәннің саулығы, жанның азығы болған ораза құлшылығы ислам шариғатында бірнеше санаттарға бөлінеді. Алла-Тағала Құран Кәрімде Рамазан айында ораза тұтуды бұйырғандықтан осы мезгілде ауыз бекіту мұсылмандар үшін парыз болып есептіленеді.

Мына үрдісті Рамазаннан кейін де жалғастырайық

Айлардың сұлтаны болған Рамазан – Қасиетті Құран Кәрім түскен ай. Сол себепті, бұл айда тарауық намазында Құранды бастан-аяқ хатым қылып шығу үмбеттің жақсы дәстүріне айналған.

Қадір түнінде қандай дұға жасаған дұрыс?

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге қанша  ризық-несібе бөлінетінін, тағы басқа үкімдерді белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафиль, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген.