29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Елші мен пайғамбардың айырмашылығы

Әрбір елші – пайғамбар, ал әрбір пайғамбар – елші емес. Елшіге жаңа шариғат уахи етіліп, соны халыққа жеткізу тапсырылған. Ал пайғамбар болса – өзінен алдыңғы елшінің  шариғатын жалғастырушы.

Тақуалыққа ең жақыны – қолды кіндіктен төмен ұстау

Тәкбірден кейін қол байлау – сүннет. Ал, қолды кіндіктен төмен ұстаған абзал. Тақуалыққа ең жақыны – осы. Қол байланғанда оң қолдың басбармағы мен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігінен қапсыра ұсталады.

Барлық ісіңде Алла Тағаладан қорқатын кісілермен кеңес

Ұстаз таңдағанда да ең білімді, аса тақуа және жасы үлкен ұстазға бару қажет. Әбу Ханифа (р.а.) ұстазы Хаммад ибн Сулайманға (р.а.) барарда көп ойланып барып бір-ақ таңдаған.

Мәрзия – Алла оларға разы болғандардың мәртебесі

Разия мәртебесіндегілердің бұл мәртебедегі барлық берекеттен (фәйз) пайдалану үшін Алла Тағала да оларға разы болуы қажет. Яғни құлдың Аллаға разы болуы жетпейді, кемел өсу үшін Алла да құлынан разы болуы керек.