30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Әр мұсылман сақтануы тиіс 4 түрлі харам бизнес

Мұсылман адамға төрт нәрсенің саудасымен айналысуға қатаң тыйым салынған. Ардақты Мұхаммед (с.а.у.) бұл туралы былай дейді: «Алла мен Оның Елшісі (с.а.у.) мас қылатын (ақылын тұмшалап, буындарын босататын) ішімдік саудасын, өлексе (арам өлген мал) саудасын, шошқа саудасын және пұттардың саудасын харам етті (яғни оларға қатаң тыйым салды)...».

Не үшін кешірімге мұқтажбыз?

Егер өмірде ғафу ету, кешіру ұғымдары болмағанда не болар еді? Егер біз адам жанымен байланысты мұндай ұғымдарды білмегенімізде немесе мұндай ұғымдар ой-санамызда мүлдем болмағанда қандай күйде болар едік? Өміріміз, ой-өрісіміз, іс-әрекетіміз, қоғамымыздың жағдайы, көтерер ауыртпалығымыздың ауқымы қандай болар еді? Мұндай өмірге ары қарай төзе аламыз ба?

Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот

Мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға сапар шеккен ұлы көш – Хижреттің он жетінші жылы. Ел басқарып отырған Халифа Омар келімді-кетімді кісі көп болғандықтан Пайғамбар мешітін кеңейтпек болды. Ол үшін мешіт маңындағы жерлерді егелерімен келісе отырып мешітке қосу керек еді.

«Үмметімнің қайырлысы, темір сияқты төзімді болғандары»

Жубн – қорқақтық дегенді білдіреді. Ашудың, қатал мәміленің қажетті мөлшеріне «Шәжаат» (батылдық) делінеді. Қажетінен аз болуына, әлсіз болуына «Жубн» (қорқақтық) делінеді.

Сұлулық салонында жұмыс істеуге бола ма?

Бүгінде әйел қауымының ашық-шашық киініп, бүкіл әдеміліктерін сыртқа паш етулері әдетке айналған заманда, сұлулық салонында мұсылман әйелдің жұмыс істеуін көпшілік дін мамандары құп көрмейді. Сондықтан да, алдымен өзге салалардан жұмыс қарастырып көргеніңіз абзал деген ойдамын.

Көшбасшыға тән әдептер қандай?

Қазіргі уақытта ең көп жазылатын тақырыптың бірі – көшбасшылық. Батыс зерттеушілерінің бұл мәселеде егжей-тегжейлі зерттелген еңбектерін жиі кездестіруге болады. Осы еңбектерді оқып отырып, мұсылмандық құндылықтардан өзіне қажетті көптеген мағлұмат алғанына көз жеткіземіз. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарды тура жолға бастайтын, оның артынан махаббатпен еретін, керемет көшбасшы болған.

Қарыз алу және беру: 4 лайфхак

Бүгінде қоғамда қарыз алу мен оны уақытылы қайтару мәселесі өте өзекті. Қарызды қайтармай қашып, бой тасалау әдеттегі жағдайға айналып кеткендей. Негізі асыл дініміз Исламда адам баласының екі дүниесіне қажетті барлық мағлұмат қамтылған. Қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде баянд алған мәселенің бірі – қарыз алу және оны қайтарудың әдептері толық айтылған.

Нәпсі тәрбиелеу мына үш нәрседен басталады

Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде нәпсіні тәрбиелеудің көптеген жолдары баяндалған. Олардың негізгілері мынадай: