Банктен кредит алу өсім болғандықтан, дінімізде тыйым салынған. Қасиетті Құранда: «Алла Тағала сауданы адал, ал өсімді харам етті» - делінеді. «Харам етті» дегені, «тыйым салды» дегенді білдіреді.
Ислам тарихы
Ұмытылған сүннет: Күн мен ай тұтылғанда садақа беру
Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
Қабірдің тарлығы және иелеріне қараңғы болуы
Қабірдің адам баласына өзін: «Мен қараңғы және өте тар мекенмін», – деп сипаттайды.
«Ешбір қауым ақылдасудан қор болған емес»
Ақылдасу дегеніміз – адамдардың белгілі бір мәселеде пікір алмасып, дұрыс шешім қабылдау мақсатында өзгенің кеңесіне жүгінуін білдіреді. Ұлы Жаратушы Құран Кәрімде: «Олар үшін жарылқау тіле және істеріңді олармен ақылдас» («Әли Имран», 3/159) және «Істерін ақылдасу арқылы шешеді» («Шура», 42/38), – деу арқылы шешім қабылдамай тұрып мұсылмандарға ақылдасып алу керектігін бұйырған.
Консервідегі балықтар адал ма? Жеуге бола ма?
Консервідегі балықтардың халал не харамдығы – Ханафи мәзхабы бойынша күмәнді деуге болады. Өйткені, ондағы балықтар сыртқы бір себептің салдарынан емес, өз өлімімен өлген балық түрі болуы мүмкін, мысалы, ауырып өлген балық т.б.
«Фатиха» сүресінің қасиеті жайлы хадистер
1. Әбу Сағид Рафи ибн Муалла айтады:
Пәтер аламын деп жинап жатқан ақшамнан зекет беремін бе?
Бұған қатысты ескілікті Ханафи ғалымдары арасында екі түрлі пәтуа бар. Ғалымдардың бір сыпырасы «оған да зекет берілу» керек десе, басқа бір топ ғалымдар «зекет берілмейді» деген.
Қабір азабына себеп болатын үш күнә
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисте былай деген:
Сюцай жүйесінің шариғи үкімі
Сюцай – раджа-йога философиясына негізделген нумерологияның бір түрі. Бұл жүйенің сенімінде адам өміріндегі белгілі сандар (туған күні, неке қиған кезі т.б.) бір планета энергиясымен тығыз байланыста болады. Сандарда адамның мінезі, қабілеті, өмірге келген мақсаты, болашақта орын алатын оқиғалары қамтылған. Егер сандар энергияға сәйкес келсе, өмірі жақсы, ал сәйкес келмесе, келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Сюцай адамдардың тағдырын өзгертеді деп сенеді.
Зират басында қандай аяттар оқылады?
Зират – қайтыс болған адамды жерлейтін белгілі бір қауымға тән жерлеу орны. Қабірге ақыретті еске алып, ғибрат алу және қайтыс болған кісілерге жарылқау тілеп, Құран оқып, оларға сауабын бағыштау мақсатында зиярат етіледі.
«Құдайға да жақсы адам керек» деген сөз дұрыс па?
«Құдайға да жақсы адам керек» деп бізде көбіне бір жақсы адам қайтыс болғанда, оның қазасына өкініш білдіріп айтып жатады. Әйтсе де, бұл сөздің түбінде белгілі деңгейде Құдайдың ісіне деген бейнебір наразылық самалы сезіледі. Оның астарында: «Құдай неге пәлен байды алмады? Неге түгенше залымды алмады? Неге осындай қойдың аузынан шөп алмайтын адал жанды алады да, аналарды ұзақ жасатып қояды?!» деген сияқты бейнебір наразылық байқалады. Сондықтан олай айтпау керек.