Жаттаған сүреңізді ұмытып қалмау үшін жиі қайталап тұруыңыз керек.
Ислам тарихы
120 000 салауаттың санындай салауат
Аллаһуммә салли уә сәллим уә бәрик 'алә сәйидинә Мухаммәдинил фатихи лимә уғлиқа уәл хатими лима сәбәқа уән насирил хаққи уәл һади илә сиратикәл мустәқими саллаллаһу 'аләйһи уә әәлиһи уә асхаабиһи хаққа қадриһи уә тақдириһил 'азыйм.
Басшылық қылу әдептері: Қарапайым болу
«Ұлық болсаң, кішік бол» деп ата-бабаларымыз айтқанындай, басшы адамның қарапайымдылығы, кішіпейілдігі оның жоғары адамгершілік қасиетінің көрінісі саналады. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла Тағаланың сүйікті құлы бола тұра адамдардың ең кішіпейілдісі еді. Ол кісі (с.ғ.с) сахабаларымен бірге отырғанда кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы себепті сырттан келген бөтен кісі қайсы адам пайғамбар екендігін ажырата алмай қалатын. Пайғамбарды (с.ғ.с) үлгі еткен әр мұсылман қандай жерде басшы болмасын кербездік, тәкаппарлық, менсінбеушілік, адамдарды мансабына қарап сыйлау сияқты т.б. істерден сақ болуы қажет.
Лұқман Хәкімнің ұлына айтқан маңызды өсиеттерінің бірінде: «Адамдардан жүзіңді кері бұрма әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында, Алла әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді», – деген («Лұқман» сүресі, 18-аят).
Miнe, осы себепті басшы адам өзіне берілген қызметті өзгелерге жақсылық жасап қалуы үшін берілген уақытша мүмкіндік деп білуі керек. Құранда Алла Тағала: «Барша мүліктің иесі, ya, Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де, кімнен қаласаң дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің иелігіңде. Шәксіз, әр нәрсеге күшің жетеді», – де», – деп айтқан («Әли Имран» сүресі, 26-аят).
материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz
Фатима анамыздың (р.а) оқыған салауаты
«Аллаһумма салли 'ала мән руухуһу михраабул әруаахи уәл мәләәикәти уәл кәун. Аллаһуммә салли 'ала мән һуә имаамул әнбиәәи уәл мурсәлиинә уә әһлил жәннәти уә 'ибаадилләһил му'минин».
Сенің мойныңдағы мұсылмандардың негізгі ақылары
Сенің мойныңдағы мұсылмандардың негізгі ақылары төмендегілер:
Қиямет күні Алланың алдындағы ең үлкен күнәлар
Ибн Хиббанның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Амир ибн Хазм арқылы Йемен еліне жіберген хатта былай жазылған:
Құран жаттау маған не үшін керек?
Бір істі бастаған кезде не үшін жасап жатқанымызды нақты түсінбей жатамыз. Егер жасап жатқан немесе жасайын деп жатқан ісіміздің мәнін, «неге» жасайтынымызды түсінсек, ол істі бастауымыз, соңына жеткізу жеңіл болады. Көп адамның қателігі сонда, неге екенін білмей жасап кетуі.
Періштелер сауабын жазуға киналатын дұға
Періштелер сауабын жазуға киналатын дұға мынадай:
Құранға деген құлшынысты қайдан табамын?
Құран Пайғамбарымызға (с.а.у.) 40 жасында түсе бастады. 23 жыл бойы 30 пара Құран Жабрайл а.с арқылы түсті. Құран жайлы толығырақ «Құран тағылымы» «Құран оқудың сауабы және әдептері» «Құран ілімдеріне кіріспе» кітаптарынан оқып біле аласыз.
Смартфонға қарауға болмайтын уақыт
Технология қарыштап дамып, ақпарат ағыны тулаған заманда телефонсыз өмір сүру оңай емес. Телефонның заманауи нұсқасы саналатын смартфондар бүгінде байланыс құралы ғана емес, түрлі мүмкіндіктердің сандығына айналды. Қазір өзіңе керекті дүниені смартфон интернетіне үңіл де, тауып ал деген уақыт. Ал әлеуметтік желілердің өзі бір төбе.
Қашан, қалай және қайда ұйықтау керек?
Көпшілік адамдар жұмыс пен қызығушылықтары үшін дұрыс ұйқыдан бас тартады. Ал зерттеу жұмыстары ұйқының жетіспеуін басқа ешнәрсемен алмастыруға болмайтындығын дәлелдейді. Ұйқы денсаулық, жұмыс өнімділігі және тіпті жастықты ұзартуда да маңызды орын алады.