30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Садақаны жасырын берудің артықшылығы

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Жеті (адамды) Алла Оның саясынан басқа сая болмайтын күні Өз саясында паналатады:

Сапарда намазды қашан қысқартуға болады?

Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Алла елшісімен (с.а.с.) бірге бесін (намазын) Мәдинада төрт (ракағат) оқыдым. Ал онымен бірге асрды Зул-Хуләйфада екі ракағат оқыдым», – деген (690/11).

Қажылық кезінде намазды қысқарту

Әнәс ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын). Ол: «Біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Мәдинадан Мекке бағытына бет алдық. Сонда ол қайта оралғанша намазды екі-екі ракағаттан ғана оқыды», – деп айтқан. Мен: «Ол Меккеде қанша (уақыт) тұрды?» – деп (сұрағанымда), ол: «Он (күн)», – деп (жауап берді)», – деген. (Келесі) бір риуаятта: «Мәдинадан қажылыққа шықтық» (делінген)2 (693/15).

Минада намазды қысқарту

Ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.), Әбу Бәкір және Омар, ал Осман сегіз жыл (не алты жыл) Минада жолаушы намазын оқыды», – деген. Хафс: «Ибн Омар Минадағы кезінде намазды екі ракағаттан оқитын да, содан кейін төсегіне келетін. Мен: «Уа, көкешім! Бұдан кейін (тағы) екі ракағат намаз оқымайсың ба?» – дегенімде, ол: «Егер бұлай жасасам, намазды толық оқимын ғой», – деді», – деп айтқан (694/18).

Сапарда екі намазды біріктіріп оқу

Әнәстен (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) сапар кезінде асықса, бесін (намазын) асрдың әуелгі уақытына дейін кешіктіретін де, ол екеуін бірге оқитын. Сондай-ақ шам (намазын) кешіктіріп, оны шапақ жоғалар кезде құптанмен қатар оқитын 6 (704/48).

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Қанағат бар жерде көреалмаушылық тұрмайды

Қанағат сөзі Алланың нәсіп еткеніне, бергеніне шынайы разы болу дегенді білдіреді. Сонымен қатар қанағат ету адамның иелігінде бар дүниені өзіне жеткілікті етіп, жоқ нәрсені ессіз дәмеленбеу, аз болса да адал жолмен келген мүлікті арам жолмен келетін нәрседен жоғары қою деген ұғымдарды білдіреді.

Бақилық болған әкемнің атынан «умра қажылығын» жасай алам ба?

Қажылық парызын өтеуге шамасы жете тұра қажылыққа бармаған кісі, қайтыс болар алдында дүниесінің үште бірін табыстап, оның атынан қажылық парызын өтеп келуге адам жіберуді өсиет қылып қалдыруы керек.

Құран мен сүннеттегі әйел бейнесі

Тарих адамдар арқылы қалыптасады. Олардың істері, ақылы, қоршаған ортаға бейімделуі, тіпті мінез-құлқы тарихи үдерісті анықтайтын фактор болмақ. Демек, кешегінің, бүгіннің, болашақтың бастауында әйелдер тұр.