Бірде Пайғамбарымыз сахабаларымен мешітте отырған уақытта:
Ислам тарихы
Егер өлсем, бәрінен құтылам деп ойлайсың ба?
Ей, Нәпсім! Қияметке иман келтірмедің бе? Егер өлсем сонымен бәрі бітеді, мен құтылып кетем деп ойлайсың ба? Әлбетте ақыретке иман келтіргенің белгілі, ақыретті жалғанға шығармаған болсаң неге қамданбайсың? Неге әрекет жасамайсын? Егер бір мүшрік келіп ең жақсы көретін тағамыңда у бар десе, сен сол жерде-ақ нәпсіңді тиып, алдыңдағы тағамды жемей, өзіңді ұстайтын едің. Бір жас бала келіп: “Аға, арқаңа шаян жабысып алыпты” десе сол киімді лезде шешіп тастар едің, сонда бір мүшріктің немесе бір баланың сөзі, мұғжизалармен расталған Пайғамбарлардың сөзінен, Алла Тағаның сөзінен қымбатырақ, сенімдірек болғаны ма?
Ей, Нәпсім! Бұл дүниедегі бір шаянның шаққандағы ауырсыну бір-екі сағатқа созылар, алайда сол ауырлық ақыреттегі шаяндардың шағуынан, ақыреттегі азаптан, ақыреттегі ірің, қайнаған судан да ауыр болғаны ма?
Ей, Нәпсім! Егер бір адам шетелде оқуға кетіп, он жылдап сол елде жүрсе, бірақ ешнәрсе оқымай, босқа уақытын өткізіп, қайтатын жылы соңғы айда он жылда өткізіп алған нәрсесін үйреніп аламын десе, ол адамға не дер едің? ол адамның үстінен күлмес пе едің? Қандай ақымақ адам едің демес пе едің? Неге онда әрекет жасамайсың?
материал «Ей, нәпсім» кітабынан алынды,
ummet.kz
Ұйықтар кезде және төсекке жатқанда не айтылады?
Күнделікті күйбең тірлікпен жүгіреміз деп, түн болысымен шаршап жығылып жата кетеміз. Жарғақ құлағымыздың жастыққа тигеніне қуанып, бейғам ғана көзімізді жұмып ұйқыға кете барамыз.
Мүміннің барлық жағдайы қайырлы
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
Пайғамбардың (с.ғ.с.) жындарға Құран оқып бергені
Амир (әш-Шағбиден). Ол:
Адамдардың ең сараңы – сәлем бермейтіндер
Дінімізде сәлемдесу өте маңызды. Мұсылмандардың қасына барғанда, кеткенде, кездескенде, қоштасқанда міндетті түрде сәлем беру керек.
Жәбірейілдің (а.с) Пайғамбарға (с.ғ.с.) дем салуы
Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшадан (Алла оған разы болсын):
Кімде-кім жоғалған затты иемденсе, ол – адасушы
Алла елшісінің (с.а.с.) сахабасы Зәйд ибн Халид әл-Жуһәниден (Алла оған разы болсын):
Жоғарыдағы қол төмендегі қолдан жақсы
Абдуллаһ ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын):
Сауда-саттық жасағанда ант ішуге қатысты тыйым
Сатушы тауарды өткізу мақсатында жалған ант беруіне болмайды.
Садақа және оның буындарға міндеттілігі
Айшадан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.):