30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бұл дүние – жалдап алған үйің, ақырет – өз үйің

Ашуланған кезде артық сөйлеме және сөздеріңді өзің бақыла, оларға өзіңді басқаруға жол берме... Өйткені ашу үстінде айтылған сөздердің көбі кейін өкініш тудырады.

«Жауған қар амал парақтарын есіме түсіреді»

Көптеген ғибадат қылушы ізгілер жаңбыр, қар, салқындық секілді нәрселердің оларға ақыретті еске түсіретінін айтатын. Олардың бірі – Рабиға бинт Исмаил (Алла оны рақымына алсын) былай дейді:

Сын айту әдебі: Сын айтпас бұрын мынаны біліңіз

Сын айтудың өз әдебі бар. Беталды сынай беруге болмайды. Адамның көңілі қымбат дегендей. Мен біреуді сынайтын болсам, мына алгоритмді ұстанамын.

Ей, нәпсім! Құлшылық жасауыңа не кедергі?!

Ей, нәпсім! Құлшылық жасауыңа не кедергі? Мен нәпсімнің қажеттіліктеріне сабыр, шыдам ете алмаймын дерсің. Қаншалықты ақымақ едің? Егер нәпсіңнің қажеттіліктеріне шыдай алмайтын болсаң, ләззат пен рахаттан айырылғың келмесе, онда неге мәңгілік болатын рахатты іздемейсің?

Бір ауру адамға дәрігер: “Сен ауырып тұрсың, үш күн мұздай су ішуге болмайды. Егер мұздай су ішіп қоятын болсаң, ауруың асқынып, мұздай суды өмір бойы іше алмай қаласың” десе. Егер ол адам үш күнге шыдай алмай су ішіп қойып, үш мың күн су ішуден мақрұм қалса ол адамға не дер едің? Қандай ақымақ дер едің иә? Ақылсыз адам дер едің? Үш күн шыдағанда рахаттанып тұрып мұздай су ішіп өмір сүрер еді. Үш-ақ күнге шыдай алмай түскен хәліне қара, деп әлгі адамға күлер едің. Осы тұста, неге өзің сол нәпсіңнің қажеттіліктеріне шыдай алмайсың? Егер сол қажеттіліктерге шыдап, төтеп берсең ертең Алланың алдына барған кезде мәңгілік рахатта, мәңгілік ләззатта боласың ғой? Бұл дүниенің арбаушы ләззатына шыдай алмасаң, ақыретте Алланың азабына қалай шыдайсың?

Ей, нәпсім! Амалды кешіктіруіңе жасырын жатқан күпірлігің себеп пе? Жасырын жатқан күпірлігің Аллаға, қияметке деген иманыңның әлсіздігі. Алланың ұлықтығын сезінбеуің, Алланың саған дайындап қойған сауабының немесе азабының үлкендігін сезінбеуің.

Ей, нәпсім! Кешіктіру себебің осы ма әлде ақымақтығың ба? Сенің ақымақтығың сол, ақырет есіңе түскенде Алланың кеңшілігіне, Алланың мейіріміне арқа сүйейсің. Ал дүние ісіне келгенде бір жұтым су мен бір үзім наннан Алланың рақымын, кеңшілігін көре алмайсың. Сен бұл әрекетіңмен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ақымақ деген адамдардың қатарына кіресің. Ақылды адам өзіне есеп беріп, өлімнен кейінгіге, яғни ақыретке қамын жасаған адам. Ал ақымақ адам көңіл қалауына, нәпсісіне ере тұра Алладан жақсылық күткен адам.

материал «Ей, нәпсім» кітабынан алынды,

ummet.kz



Уәденің үлкен-кішісі болмайды

Шамасы 5-6-сыныпта оқып жүрген кезім. Бір ұстазымыз бізді сыныпта қалдырып, шығып бара жатып «Шуламай отырыңдар, жарай ма? Уәде бересіңдер ғой? Уәде – Құдайдың сөзі» деп айтатын еді. Сонда біз, әйтеуір, тәртіпті боп отыратынбыз. Сол сөздер санамда әлі де жаңғырып тұр. «Уәде – Құдайдың сөзі».

Құранның тәпсірді қажет ететін және қажет етпейтін аяттары

Жалпылама үкім ретінде Құранның тәпсірленуінің қажет екенін түсіндіруге тырыстық. Пайғамбарымыздың өзіне кітапты түсіндіру міндеті артылғанын көрдік. Алайда бұл ешқандай да Құранның барлығы немесе басым көпшілігі ардақты Пайғамбар (с.а.с.) тарапынан жеткілікті түрде тәпсірленуі міндетті деген мағынаны бермейді.