30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Телефон шырылдаған сайын жауап берудің қажеті жоқ

Телефоның басқаларға емес, сенің өміріңді жайлы етуге арналған. Бірақ біз телефон шырылдаған сайын өрт дабылына ұмтылған өрт сөндірушідей тұра жүгіреміз. Телефон қоңырауы тағдырымызды шешетіндей, хабарласқанның бәріне жауап береміз.

Ібілістің үлкен әскерлері – «ертең»

Бұл өмірдің жәннаттағы мәңгілік тұраққа апарар қысқа ғана жол екенін түсінген адам өз уақытын текке құртпайды. Ал ғұмыр туралы ілімі аз, ақыреттік жазалардан иманы әлсіз адамның уайымы болмайды. Себебі, ондай адам мәңгілік рахатын өткінші өтірікке айырбастаған, Құдай құзырындағы дәрежесінің төмендігіне қарамастан, құр соқыр сенімнің жемісін қанағат тұтқан.

Құранда аталған уақыт түрлері

Құранда ең көп «күн» сөзі кездеседі және уақыт ұғымынан пәк болған Алла Тағаланың құзырында да «күннің» бар екендігі айтылып өтіледі: «Раббыларыңның құзырындағы бір күн сендердің есептерің бойынша мың жыл сияқты».

Құраннан қате іздеген Гари Миллер

Гари Миллер – Сауд Арабиясындағы Фаһд патша атындағы Мұнай және кен университетінің Математика кафедрасының зерттеу бөлімінің мүшесі. Ол христиан дінін насихаттау саласындағы белсенді миссионерлердің бірі болатын. Киелі кітап бойынша білімі терең маман еді. Математиканы ерекше сүйетін Гари логиканы да жақсы көретін. Басқаша айтқанда, әрбір істе жүйелі қисындылықты талап ететін.

Қыздың жасауы мен мәһір арасындағы айырмашылық

Халқымыздың ежелден келе жатқан салттарының бірі – ұзатылған қызға жасау беру. Ислам құқығында қыздың жасауы өз алдына жеке тақырып ретінде қарастырылған. Себебі, қыз жасауы материалдық құқық болып табылады.