29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Күнәнің артынша күнә жасаудан сақтан

Күнәнің артынша күнә жасаудан сақтан

Ислам тарихы

Аллаға қарсы келетін іс жасағаныңда сені қолдаған адамның еш қадір-қасиеті жоқ.

Қайта, Аллаға қарсы келгеніңде сені қолдамай, қарсылық танытқан адамның қадірі бар. Сен үшін ең қатерлі нәрсе – күнә жасауды жалғастыруың әрі Алла Тағаланың саған күнә жасауға күш-қуат беруі. Алла Тағала былай дейді: «Біз оларды өздері білмеген жақтан баяулап кеміте береміз» («Қалам» сүресі, 44-аят).

Егер Алланың саған қамқорлығы болса, аз амал да жеткілікті. Егер саған Алланың қамқорлығы мен кеңшілігі болмаса, көп амал да пайда бермейді. Егер көзіңнен перде алынса, жаратылыс атаулының барлығы Алланы пәктеп, тасбих айтып тұрғанын көрер едің. Алайда сенде бір нұқсан бар, жүрегіңде перде бар.

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: