29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Мал-дүниенің діни пайдалары

Мал-дүниенің діни пайдалары

Ислам тарихы

Біріншісі: Өзіне ғибадатқа жұмсау (қажылық, жиһад сияқты). Ғибадатқа көмектесетін нәрселерге жұмсау (тамақ, киім, баспана секілді). Әрі қарай дінге қызмет ететін қажеттіліктерді жабу.

Егер бұл дүниелік қажетсіздіктер жүректі діннен босатпаса, ол да ғибадатқа жатады. Яғни, жеткілікті түрде дүниеден пайдалану – дінді күшейтетін құрал. Ал бұл шектен шыққан ләззатқа жатпайды.

Екіншісі: Адамның малын басқаға жұмсауы. Бұл төртке бөлінеді:

Садақа – оның артықшылығы зор әрі белгілі. Муру́а (ізгілік, жомарттық) – байлар менмәртебелілерге қонақасы беру, сыйлық тарту, жәрдемдесу сияқты.

Бұл да діни пайдалардың бірі, өйткені ол арқылы адам бауырлар мен достар табады. Ар-намысты қорғау – мысалы, шайырлардың (ақындардың) жамандауынан құтылу үшін мал жұмсау, ақымақтардың жамандығын тоқтату, зиянынан құтылу. Бұл да діни пайдалардың бірі.

Пайғамбар (с.ғ.с) айтты: «Кім өзінің абыройын қорғайтын болса – ол садақа бергенмен тең.» Бұл – ғайбатшының күнәсінен құтылу үшін. Бірақ кек алу ниетімен шариғат шегінен асып кету қаупі бар, сондықтан абай болу қажет.

Жұмысшыларға ақы төлеу – адамға қызмет қажет болғанда, өз бетінше істей алмайтын істер үшін. Егер өзі жасай алмай, ғибадатқа, зікір мен ілімге уақыт бөлу үшін жалдаса – бұл ең жоғары дәрежелердің бірі. Өйткені кімнің малы жоқ болса, ол өзін-өзі қамтуға мәжбүр, ал ол ойы мен күшін басқа нәрсеге бөледі.

Егер мал арқылы өз мақсатыңа жетсең, ол сені байытқанмен тең, өйткені сен басқалардың көмегіне мұқтаж болмайсың.

Үшіншісі: Малды мешіттерге, көпірлерге, уакфтарға және пайдалы істерге жұмсау. Бұл – діндегімалдың ең үлкен пайдасы. Сондай-ақ, мұнда адамның ар-намысын сақтау, сұраудан құтылу, кедейліктің қорлығынан арылу, адамдар арасында абырой мен қадір табу бар. Ал енді малдың зиянды жақтарына келсек, олар да діни және дүниелік болып бөлінеді.

материал «Мақсаты анықтардың бағыты» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: