29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

«Ризық-несібенің келуін садақамен сұраңдар…»

«Ризық-несібенің келуін садақамен сұраңдар…»

Ислам тарихы

Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ризық-несібенің түсуін (келуін) садақамен сұраңдар», – деп айтқан.

Ерте тұру барлық істің берекесін арттырады. Әсіресе, ризықтың. Жақсы ниет – ризықтың кілті. Жылы шырайлылық пен жақсы сөз жаттау қабілеті мен ризықты арттырады.

Хасан ибн Әли (р.а.): «Үйді сыпыру мен ыдыс-аяқты жуу байлықты шақырушы», – деген. Ризық-несібе шақыратын ең басты нәрселер – намазды толықтай мойынсұнумен, қорқумен оқу, рүкіндерін толыққанды орындау және де намаз уәжіптерін, сүннеттерін және әдептерін орындау. Бұл мәселеде дұха намазы да пайдалы.

Түнгі ұйқы уақытында «Уақиға» сүресін, сондай-ақ, «мүлк», «мүззаммил», «уәл лайли», «әлам нашрах» сүрелерін оқу да жақсы. Мешітке азан шақырылмас бұрын келу, үнемі дәретпен жүру, таң намазы сүннетін, үтір намазын үйде оқыған абзал. Үтір намазынан кейін дүние сөзін сөйлемеу, әйелдер отырысында тым қажет болмаса ұзақ отырмау, дүниесіне және дініне ешбір пайдасы жоқ сөз сөйлемеу де осы талаптар қатарында.

«Кімде-кім өзіне қажеті жоқ іспен айналысса, өзіне керек шаруаны қолдан жіберіп қояды» деген сөз бар. Бузруг Меһр: «Егер көп сөйлейтін кісіні көрсең, оның жынды екенін анық біл», – деген екен...

материал «Тәлімгер тағылымы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: