29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Дүниені немесе ақыретті іздегендер

Дүниені немесе ақыретті іздегендер

Ислам тарихы

Бұл өмірде дүниеге ұмтылғандарға арқа сүйесең – олар сенің дүниелік мәселелеріңді шешіп береді.

Ал ақыретті қалағандарға сүйенсең – олар сенің жан-дүниеңді байытады, жүрегіңді дәулетке толтырады. «Ақыретті қалаған адамдарды іздедім, бірақ таба алмадым» деп айтушы болма. Егер сен шынайы іздесең – табар едің. Неліктен таба алмадың? Өйткені сен оған әлі дайын емессің!

Пәк әрі ардақты қалыңдық азғын адамға көрінбейтіні секілді, руханилық та жүрегі таза емес адамға ашылмайды. Егер қалыңдықты көруді қаласаң, азғындықты, бұзықтықты тастауың керек.

Егер сен күнәні қойып, жаман ортаны тастап, жүрегіңді тазартсаң – әулиелерді көрер едің. Әулиелер ешқашан азаймайды. Егер олардың бірі кемісе – пайғамбарлық нұры кемір еді (Демек, олар кемімейді).

Шейх Әбу Хасан әш-Шазили (Алла оған разы болсын) айтты: «Алланың әулиелері – қалыңдық секілді. Қалыңдықтар (ары пәк, таза қыздар) пасықтарға көрінбейді».

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: