30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Құрбан айтта балаларды шаттыққа бөледі (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне орай елордада орналасқан «Өнеге» оңалту орталығында болып, қайырымдылық іс-шараға қатысты.

«Ханшатыр» сауда орталығында «Құрбан айтта қуандыр!» жобасы өтті (фото)

Қасиетті Құрбан айт  – исі мұсылман қауымы ерекше қадір тұтып, қастерлеген ұлық мереке. Дәстүрі діннен бастау алып, салты сүннетпен ұштасқан халқымыздың айрықша атап өтетін, асыға күтетін мейрамы да осы Құрбан айт.

Қажылықтың парыз амалдары аяқталды (фото)

Бүгін қазақстандық қажылардың басым бөлігі қажылықтың негізгі парыздарын аяқтады. Кеше күнұзақ Арафада тұрып тілек тілеген, Мұздалифада түнеп таң намазын оқыған қажылар бүгін Жамаратта шайтанға тас атып, құрбан шалды. Қағбаға барып парыз тауабын жасап, ихрамнан шықты.

Қажылар СALL CENTER арқылы 591 сұраққа жауап алды (фото)

Қазақстан қажылық миссиясының бір бағыты – қажыларды мазалаған сұрақтарға жауап беру. Осы мақсатта миссия жанынан Сall center ашылып, орталықтың нөмірі бүкіл туристік компаниялар арқылы қажыларға жолданған болатын.

ҚМДБ: Құрбан айттың бірінші күні 46 807 отбасыға ет таратылды (09.07.22)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2022.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр.

Бас мүфти көпбалалы отбасыларды қуанышқа бөледі (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы отбасылар тұратын жатақханаға арнайы зиярат жасап, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Алматы: Қайырымдылық дүкені ашылды

Алматы қаласы өкілдігі Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қасиетті жұмамен қатар келген арапа күні “Қайырымдылық дүкені” ашылды.

Президент қазақстандықтарды Құрбан айтпен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елін күллі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі Құрбан айтпен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Бас мүфти мал бағасын шарықтатпауға шақырды (фото)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы   мал базарын аралап, шаруа қожалығы иелерін бағаны қолдан негізсіз шарықтатпауға шақырды.