29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Төралқа мәжілісінде бөлім басшылары баяндама жасады

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратындағы «әл-Фараби» залында өткен 2021 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның бөлім басшылары баяндама жасады.

ҚМДБ жанынан салттық қызмет көрсету орталығы ашылды

Бұл туралы елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Бас мүфти діни басқарманың құрылған күніне орай жиналыс өткізді

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның кезекті жиыны өтті. Жиынға ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері мен бөлім басшылары қатысты.

Маусым айының 26 жұлдызында Ораза айт мейрамының екінші күні «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимовтың ұйымдастыруымен мешітте 6 мұқтаж отбасына Ораза айттың құрметіне бір қойдың еті бөлініп және қосымша азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді.

Маусым айының 25 жұлдызында  еліміздің барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Астана қаласының «Төлебай» мешітіне бұл күні мұсылман қауымы  таң намазынан жинала бастады. Ең алдымен «Төлебай» мешітінің ұстазы Жандос Атембаев жамағатқа  Құран аяттарын оқыды. «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Салимов халықты Ораза айт мейрамымен құттықтап, мерекенің  ерекшеліктері жайлы әңгімеледі. Бас имам исламдағы екі маңызды күндер - айт мейрамдары туралы уағыз-насихат айтып,  айт намазының қалай оқылатының жамағатқа түсіндіріп берді. Айт намазы  оқылған соң хұтпа айтылып, дұға жасалды. Барша мұсылман бір-біріне құшақ жайып, мерекемен құттықтады.  «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлының ұйымдастыруымен жамағатқа шелпек, бауырсақ, құрма мен тәтті-дәмділер таратылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен елімізде бірнеше жылдан бері «Дін мен дәстүр»  тақырыбы кеңінен насихатталып, ислам құндылықтары мен дәстүр сабақтастығына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мәселен, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйытқысымен өкілдікке қарасты елорда мешіттері Ораза айт мейрамын ұлттық нақышта тойлап жатыр. Соның айғағы, бүгін «Әлжан ана» мешіті «Ораза айт құтты болсын!» мерекелік шарасын өткізді.

ҚМДБ, Астана өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен іске асқан бүлдіршіндерге арналған «Имани жаз – 2017» жазғы діни сауат ашу курсы аяқталды. Яғни Астана мешіттерінде 1160 оқушының 465  шәкірт «Нұр Астана» орталық мешітінде 54 сағаттық дәріс тыңдады. Аз ғана уақыттың ішінде жас шәкірттерге мешіт ұстаздары діни сауатпен қатар қайырымды, адал, елімізге қызмет ететін азамат пен азаматшаларды қалыптастыру әдептері үйретілді.

«Қарт адамқазына» деген халық даналығы бар. Қарты бар ел – қазынасы бар ел. Кеше ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйымдастыруымен Астана қаласының жетпіске жуық ардагер, қарияларына ауызашар дастарханы жайылды. Ауызашар дастарханына жиналған  ардагерлерге «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Руслан Байзақов қасиетті Рамазан айының қадірі мен қасиеті жайында уағыз, насихаты айтылды. Ауызашарға жиналған ардагерлер берекелі дастархан жайған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. 

IMG 2295

IMG 2353

IMG 2399

IMG 2329

IMG 2319

 

ummet.kz