30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТағанұлыҚарағанды облысының «Абай» шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Наиб мүфти Алматы имамдарымен кездесті (фото)

Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлының жетекшілігімен «Ихсан ілімі ізгілікке тәрбиелейді» тақырыбында қала имамдарының жиыны өтті.

Елордада «Тұлғасы биік тәлімгер» атты Мәуліт кеші өтті (фото)

Кеше Елорда төрінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен «Тұлғасы биік тәлімгер» атты Мәуліт кеші болып өтті. Еліміздің іргелі оқу орындарының бірі Еуразия Ұлттық университетінің қолдауымен өткен шараға оқу ордасының шәкірттері мен ұстаздар қауымы қатысып, ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірімен жақын таныса түсті.

Шымкент: 461-баспана кілті берілді

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінің ұйытқы болуымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 461-баспананың кілті табысталды.

Канадада мұсылмандар саны жедел артып келеді

Канада елінде StatsCan жүргізген діндарлық деңгейін анықтау мақсатындағы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұсылмандар саны 1996 жылдан бері 3 еседен астам өсіп, елдегі қатары ең жылдам көбейіп жатқан дінге айналған.

Наиб мүфти халықаралық онлайн конференцияға қатысты (фото)

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шығыс Қазақстанда жаңа мешіт ашылды (фото)

Мәуліт айы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына қарасты Аршаты ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі құлшылық ордаларының қатары тағы бір ғимаратпен толықты.

Теміртауда ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды

Қарағанды облысы Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Мұсылман саны бойынша 4-ші орында тұрған ел (фото)

Оңтүстік Азияда шағын мұсылман елі бар кедейлігімен, сосын халқының көптігімен аты шыққан – Бангладеш. Бангладеш халқының 90%-ы мұсылман әрі олардың дені сүннеттік жолды ұстанады.