29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

ҚМДБ Төрағасы Хан ордасында бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасын бағыштады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында Хан ордасында бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасын жасады.

Бас мүфти Жәңгір ханның кесенесін зиярат етті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында Бөкей ауданында Жәңгір ханның кесенесін зиярат етіп, баба рухына Құран бағыштады.

Бас мүфти Жаңа өмір ауылында жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында Теректі ауданы Жаңа өмір ауылында жаңа мешіттің ашылуына қатысты.

Наурызбай қажы Тағанұлы Оралда бірқатар имамды марапаттады

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында діни салада ширек ғасырдан астам өнімді еңбек етіп келе жатқан бірқатар ардагер имамды «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 35 жыл» мерекелік медалмен марапаттады.

Бас мүфти «Орал» медресе-колледж шәкірттеріне дәріс берді

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында «Орал» медресе-колледжінің шәкірттеріне дәріс оқыды.

ҚМДБ өкілі халықаралық форумда баяндама жасады

XVI халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2025» аясындағы «2030: Халал индустриясының стратегиясы» сессиясында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы халал саласындағы өзекті мәселелер мен болашақ даму бағыттарына арналған сессияға SMIIC, GCC Accreditation Centre, JAKIM, BPJPH сияқты беделді халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты. 

Дін қызметкерлеріне арналған құжаттандыру бойынша семинар өтті

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Құжаттандыру мен цифрлық сауаттылықтың тиімді тәсілдері»  республикалық семинары өтті. 

Форум аясында имамдарға арналған семинар өтті

Астана қаласында өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» атты VI Республикалық имамдар форумына қатысқан дін қызметкерлері үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы семинар ұйымдастырды.

Имамдар форумында екі маңызды құжат қабылданды

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында VI Республикалық имамдар форумы өтті.

ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай дін қызметкерлері марапатталды

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы аясында бірқатар дін қызметкерлері ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.