30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Қызылорда облысына жаңа бас имам тағайындалды (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қызылорда облысының бас имамы болып Дастан Құрманбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің имамы қызметін атқарды.

ҚМДБ Төрағасы ТМҰ бас хатшысымен кездесті (фото)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ташкент қаласында өткен Түркі елдері мүфтилерінің отырысынан кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен кездесті.

Ташкентте «Матуриди мұралары және қазіргі дәуір» форумы өтті (фото)

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Матуриди мұралары және қазіргі дәуір» тақырыбындағы түркі мемлекеттері дін ғалымдарының форумы өтті.

Түркі елдері мүфтилері Нақшбанд мазарын зиярат етті (фото)

Түркі мемлекеттерінің мүфтилері мен араб елдерінен арнайы келген дін басшылары Бұқара қаласындағы дін ғұламасы Баһауддин Нақышбандтың мазарын зиярат етті.

Бұқарада халықаралық конференция өтті (фото)

Өзбекстанның Бұқара қаласында атақты «Мір-Араб» медресесінің 500 жылдығына арналған «Ежелгі Бұқараның Ислам өркениетіндегі орны» тақырыбындағы халықаралық конференция өтті.

Бас мүфти Мәшһүр медресенің 500 жылдығымен құттықтады (фото)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бұқара қаласында өткен «Мір-Араб» медресесінің 500 жылдығына арналған «Ежелгі Бұқараның Ислам өркениетіндегі орны» халықаралық конференциясында баяндама жасады.

Zeket Hub: Мұқтаж жандарға жылу сыйлады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Zeket hub» қайырымдылық орталығы «Тайқазан» жобасы аясында Астана қаласындағы көпбалалы және тұрмысы төмен 52 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді және 25 қорап қияр таратылды. 

ҚМДБ Төрағасы Арыс қаласындағы «Тең қоғам» орталығында болды (фото)

Түркістан облысындағы екі күндік жұмыс сапары барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Арыс қаласындағы «Тең қоғам» орталығының жұмысымен танысты.

Бас мүфти Түркістан облысының ардагер имамдарына Ұмраға жолдама берді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірде ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан 6 имамға кіші қажылық сертификатын табыс етті.

Бас мүфти Сарыағашта өткен Мәуліт кешіне қатысты (фото)

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кешіне қатысты.