02 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі 20 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:49
Күн 05:24
Екінті 16:58
Шам 19:03
Құптан 20:37

«Имам – жамағат намазына кепіл, азаншы – көпшілік сенім артқан кісі» (хадис)

«Имам – жамағат намазына кепіл, азаншы – көпшілік сенім артқан кісі» (хадис)

«Оларға тек дінді Аллаға арнап, ықыласпен Оған құлшылық ету... бұйырылды», – делінген («Бәйина» сүресі, 5-аят).


Хазірет Омардың риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Амалдар ниетке байланысты, әркімнің ниетіне қарай беріледі...», – деген (Бұхари, Кітаби Бұдыл Уахи; Сахих Мүслім, 3530-баб, №1907 хадис) Яғни, нақты қай намазды оқитынымызды ниетпен білдіргеніміз жөн екенін осы хадистен де ұғуға болады.

Сахаба Ибн Масғұдтың (р.а.): «...Намазда ниетті жоғалтпаңдар» (Табарани риуаят еткен; Илә әс-Сүннә, 2/174-бет) – деген сөзі де намазда ниеттің маңызды екенін көрсетеді.

Имамға ұю – намазын алда тұрған имамына «тапсыру» деген сөз. Олай болатын себебі, Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Имам (намаздарыңа) кепіл. Ол не істесе, соны істеңдер!» – деген. (Хасан)

Тағы бір хадисте: «Имам (жамағат намазына) кепіл. Ал, азаншы (оған  көпшілік) сенім артқан кісі» (әл-Хайсами – №1902 хадис; Тирмизи, Әбуәбул Әзән: №207 хадис).

Ендеше, имамның артында тұрып, оған намазын «тапсырғысы» келгендер сол әрекетіне ниет етуі шарт. Өйткені, жоғарыда келген хадисте амалдардың ниетке байланыстылығы айтылған.

Сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сөзсіз имамға ұю керек. Егер «Аллаһу әкбар», десе, сендер де солай айтыңдар. Ал, қашан Құран оқыса, (намазда) тыңдап тұрыңдар!»22, – деген. (Сахих, Дарақұтни сүнәні, Имамға ұйиу бабы – 2/115-бет, №1243 хадис).

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz