Ол болса: «Расында, Алла өзіне тиісінше тағзым ететін һәм қарсы келмейтін тақуа құлдарынан ғана қабыл алады».
Имам Нәсәфи (Алла оны рақымына бөлесін): (Бұл әңгіме Адам Алланың сәлемі болсын балалары Һәбил мен Қабилдің оқиғасы).
Ол: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді», – деді.
Тақдирі (жасырын мағынасы) былай: «Неге мені өлтіргің келеді?» – деді.
Ол: «Өйткені Алла сенің құрбандығыңды қабыл етіп, менікін қабыл етпеді», – деді.
Сонда ол: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді. Ал сен тақуа емессің. Саған келген нәрсе менен емес, тақуалық киімінен айырылған өз нәпсіңнің кесірінен болды», – деді.
Амир ибн Абдуллаһ (Алла одан разы болсын) туралы риуаят етіледі: Ол қайтыс болар сәтінде жылаған екен.Сонда оған: «Сен осындай ізгі амалдар жасаған адам бола тұра, неге жылайсың?» – делінді.
Сонда ол: «Өйткені мен Алланың: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді» деген сөзін естимін», – деді.
материал «Сүйінші» кітабынан алынды,
ummet.kz