03 Қыркүйек 2026, Бейсенбі 21 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:51
Күн 05:25
Екінті 16:56
Шам 19:01
Құптан 20:35

Исламдағы ахлақ нормаларының ерекшелігі

Исламдағы ахлақ нормаларының ерекшелігі

Адамдармен қарым-қатынаста жақсы мәміледе болу, ата-ананы сыйлау, өзгенің ала жібін аттамау, біреуге қиянат жасамау сияқты істер барлық жерде айтылады.


Сол кезде «Исламдағы ахлақтың қандай ерекшелігі бар?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Ислам ахлақының басты ерекшеліктері мынандай:

Бірінші: Ислам ахлағы қандай да бір адамның ой мен қиялының жемісі емес, Алла Тағаланың кәләмі Құран және ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) сүннетінен бастау алады.

Екінші: Исламдағы ахлақ нормалары өз ішіне қарым-қатынастың барлық түрін қамтыған. Ислам діні кәміл дін болғандықтан, Алла Тағаланың бізге жүктеген ахлақ нормалары да кәміл. Ол өз ішінде пенденің Жаратушысымен қарым-қатынасын, адамның жеке басына қатысты моральдық ұстанымдарды, өзге адамдармен байланысын және табиғат пен жан-жануарларға қатысты қарым-қатынасын қамтиды.

Үшінші: Амалға асыру өте жеңіл. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Алла сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды», – деп айтқан. Дінімізде адам жанының қиналатын, қиындыққа тап қылатын үкімдер мүлде жоқ. Мысалы, бірде үш адам ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) үйінің жанына келіп, оның қалай құлшылық ететінін білмек болады. Оларға Алла Елшісінің қалай құлшылық ететіні жайлы айтылғанда, оны өздері үшін азсынып: «Бізге алдыңғы және өткен күнәлар кешірілген Алла Елшісінде болу қайда?» – деді.

Олардың бірі: «Мен енді түнімен үздіксіз намаз оқимын», – деді. Екіншісі: «Ал мен болсам үздіксіз ораза ұстаймын», – деп айтты. Үшіншісі болса: «Мен әйелдерден алақтап, ешқашан үйленбеймін», – деді. Біраз уақыт өткеннен кейін оларға Алла Елшісі (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) келіп: «Осылай да осылай деген сендер ме? Алланың атымен ант етемін, мен сендерден гөрі Алладан көбірек қорқамын. Бірақ, мен кейбір күндері ораза ұстамаймын да, кей күндері ауызымды ашамын. Түнде намаз оқимын әрі ұйықтаймын. Сонымен қатар әйелдермен некелесемін. Кім менің сүннетіммен жүргісі келмесе, оның маған қатысы жоқ!» – деді.

Төртінші: Көркем мінездің дүниедегі пайдасымен қатар, ақыреттік сауабы арқылы да адамды тәрбиелейді. Бұны Исламдағы көркем мінездің негізгі ерекшелігі деуге болады. «Жақсы адам бол», «Өзгелерге мейірімділік таныт», «Ешкімге зиян тигізбе» деп, жақсы құндылықтар бүкіл жерде айтылады. Бірақ неге адам Алла Тағаланы танып, ақыретке иман еткеннен кейін бірден бұрын түсінбеған құндылықтарды тез ұғынады? Өйткені асыл дінімізде сауап пен күнә деген ұғым бар. Яғни жақсы ісіміз үшін Алла Тағала сауап береді, теріс ісіміз үшін ақыретте сұрақ пен жаза болады. Халқымыз «Әлекпеден қорыққан сиыр жимас, ақыреттен қорыққан күнә қылмас», – деп бекер айтпаған. Себебі, Жаратушысын таныған, адамның бүкіл амалын Алла бақылап, біліп тұратынын түсінген адам жамандыққа бармайтын, ал Құдайын танымаған, оның азабынан сескенбейтін адамнан...

Ойшыл, ақыреттің бәрі қиын,
Тірлікке ғибадат қып, Хаққа сыйын!
Бұл күнде жамандықтан тыйылыңыз,
Алланың көркем десең, жұмақ үшін, – деп өсиет қалдырған.

Бесінші: Алла Тағаланың әркез бақылап тұрғанын түсіндіру арқылы тәрбиелейді. Кей балалар ата-анасы немесе ұстазының көзінше жаман қылыққа бармай, бейәдеп сөздерден өзін ұстағанымен сыртқары жерде олардың көзінше жасамайтын істі жасап, айтпайтын сөзді айтып жатады. Тура сол сияқты ересек адам да бастығы бар жерде өзін басқаша, ол жоқ жерде өзін мүлде басқалай ұстауы мүмкін. Көлік жүргізушілердің ішінде де бейнебақылау тұрған жерде жол ережесін сақтап, ешкім көрмейтін жолда ережені ескермейтіндері кездеседі. Ал асыл дінімізде Алла Тағалаға иман ету арқылы, пенде Жаратушының әркез оны бақылап, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін көріп, естіп тұрғанын жүрегімен сезіну керектігін үйретеді. Бұны ахлақ ғылымының термині ретінде «мурақаба» деп атайды. Анықтамасы – Алла Тағала оның сыртқы және ішкі дүниесін бақылап тұрғанын адамның әрдайым есте ұстап әрі солай екеніне нақты сенімді болуы. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сондай-ақ Ол қайда болсаңдар да сендермен бірге», – деп айтқан.

Бұндай аяттарға иман келтірген пенде, болмасын деп тағылған кіші күнәлардың өзінен сақтанып, Алладан қорқып, қиямет күнгі есептен сескенері хақ. Халқымызда «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп бекер айтпаған. Себебі, Жаратушысын таныған, адамның бүкіл амалын Алла бақылап, біліп тұратынын түсінген адам жамандыққа бармайтын, ал Құдайын танымаған, оның азабынан сескенбейтін адамнан...

материал  «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz