17 Шілде 2026, Жұма 3 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:15
Бесін 12:26
Екінті 17:53
Шам 20:26
Құптан 22:20

Әлемнің айыбын айтқан адам көп адасады

Әлемнің айыбын айтқан адам көп адасады

Төрт үндіс бір мешітте Аллаға құлшылық жасау үшін намазға тұрады. Рукуғ пен сәжде жасайды. Бәрі де тәкбір айтып, ықыласпен намаз оқып тұрды.


Осы кезде азаншы ішке кірді. Үндістердің бірінің аузынан еріксіз:

– Азаншы, азан шақырдың ба, әлде әлі уақыт бар ма? – деген сөз шығып кетті.

Екінші үндіс намаз оқып тұрса да:

– Тыныш, сөйлеп қойдың, намазың бұзылды, – деді.

Үшінші үндіс ол екеуіне:

– Оны неге айыптайсың, өзіңе қарап алсаңшы, өзіңді айыпта, – деді.

Ал төртінші үндіс:

– Шүкір, мен сен үшеуің секілді шұңқырға түспедім, – деді.

Қысқасы, төртеуінің де намазы бұзылды.

Әлемнің айыбын айтқан адам көп адасады. Өз айыбын біліп, өзін айыптайтын адам қандай бақытты десеңші!

материал «Көңілдің сұлтаны» кітабынан алынды, 

ummet.kz