17 Шілде 2026, Жұма 3 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:15
Бесін 12:26
Екінті 17:53
Шам 20:26
Құптан 22:20

Мінез – уағыз, ол сен айтпай-ақ сөйлейді

Мінез – уағыз, ол сен айтпай-ақ сөйлейді

Ибн әл-Жәузидің «Сифат ас-Сафуа» атты даналыққа толы кітабында Абдулла ибн әл-Мүбәрак (р.а.) былай деген: «Әдеп – діннің үштен екі бөлігіне тең!»


Адамның намазы – денесін тазартады, оразасы – нәпсісін тәрбиелейді, бірақ мінезі – жүрегінің шындығын көрсетеді. Дін – тек рәсімдер мен сөз емес, дін – сенің адамдарға қалай қарауың, қалжыңдағанда қалай сөйлейтінің, ашуланғанда не істейтінің.

Алла Тағала сүйікті Елшісін мадақтағанда, оның әулетімен, тегімен немесе сұлулығымен емес, «Шынында, сен ұлы мінез иесің!» («Қалам» сүресі, 4-аят) – деп, оның мінезімен мақтады.

Ол әдемі сөйлегені үшін емес, жақсылықпен жауап қайтарғаны үшін ұлы болды.

Ол көп амал жасағаны үшін емес, жүректің тазалығын сақтағаны үшін ұлы болды.

Ибн әл-Қайим (р.а.) былай деген: «Діннің барлығы – мінез. Кім сенен мінезімен асып түссе – дінінде де сенен озып кеткені». Яғни, иман – тек тілде емес, жүректе және әрекетте.

Сенің мінезің – сенің иманыңның бейнесі. Бүгінде біз адамдарды біліммен бағалаймыз, бірақ Алла Тағала мінезбен бағалайды. Кейде бір күлімсіреу, бір жылы сөз, бір кешірім – мың рәкат намаздан артық.

Сенің дінің – сенің сабырыңда, сенің кешіріміңде, сенің әділдігіңде.

Мінез – үнсіз уағыз. Ол сен айтпай-ақ сөйлейді. Сенің мінезің арқылы адамдар сенің дініңді көреді.

Егер сен жақсы мінезді болсаң — адамдар Алланы сүйіп кетеді. Егер сен қатігез болсаң — олар діннен алыстайды. Сол себепті, мінезің – сенің иманыңның елшісі.

Әдебің – сенің дәрежең!

материал «Сен керексің!» кітабынан алынды,

ummet.kz