Оның өзі байланатын ойы: «Егер осыдан бірнеше жыл бұрын басымнан пәлен деген жағдай өтпегенде ғой, мен қазір пәлен салада үлкен табысқа жетер едім!», «Ата-анам қарсы болмағанда ғой, мен сол жұмысқа тұрып, қазір жағдайым басқаша болар еді!», «Әкем қарсы шықпағанда, мен пәлен деген жігітке тұрмысқа шығып, қазір бақытты осындай рөлмен тіршілік етіп, өмірінің келесі күндері мен болып отырар едім!».
Кейбір адамдар өздеріндегі кезеңдерінде жүзеге асуы әбден мүмкін және қол жетімді, шынымен-ақ әлдеқайда бақытты тіршілікке талпынуды тоқтатады. Керісінше олар осылай құрбандық рөлді киіп, басуға қарсы сылтау, өзін ақтап алудың ең күшті уәжі сол өзі айта беретін, бәлкім ары қарай өсу қадамдарын саналатын «Болғанда ғой! болмаған да ғой! Маған әкем солай деп айтпағанда ғой! Анамнан пәлен деген нәрсе де ықпал, қолдау көргенім де ғой!» деген сөздерімен ары қарай әрекет етуден қорғанып, өзіндегі жылаңқы хәлімен «азықтанып» өмір сүре береді. Бір хадисте адамзатты мұндай хәлді пайдаланып: «Егер...!» деген сөзді көбейтуден сақтандырып: «Расымен «егер...!» шайтанның амалының (есігін) ашады» (Муслим, 2664) - деді.
Мұның салдары: Осы ойды қазіргі енжарлығы мен әрекетсіздігін ақтау үшін пайдалану. Мұндай адам өткен күндердің елесіне байланып, болашаққа қадам басудан бас тартады. Ал егер талаптанса, қазақ айтқандай: «Талаптыға нұр жауар» - еді. Ал Мәшһүр Жүсіп атамыз: «Не нәрсе талаптансаң, табылады» деген.
материал Құрманғазы Садыбаевтың «BIL» кітабынан алынды,
ummet.kz