06 Қазан 2026, Сейсенбі 25 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:17
Бесін 12:07
Екінті 15:53
Шам 17:47
Құптан 19:12

Намаз оқып тұрғанда сөйлесуге болмайтындығы

Намаз оқып тұрғанда сөйлесуге болмайтындығы

Абдулла ибн Масғұд (р.а.) риуаят етті:


«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз оқып жатқанында сәлем беретінбіз, біздің сәлемімізді алатын. Бірақ та Хабашстандағы Ән-Нәжаши деген жерден қайтқанымызда намаз оқып жатыр екен. Сәлем беріп едік, сәлемімізді алмады. Намаздан кейін: «Намаз ұлық нәрсе! Ол кезде басқа іспен айналысу дұрыс емес», - деді.

Әбу Амр аш-Шайбаний: «Маған Зайд ибн Әкрам (р.а.) былай деген еді: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында Ислам енді ғана тарап келе жатқан уақытта: Алла Тағаланың «Намаздарда тәртіп сақтаңдар!» деген аят кәрімі нәзіл болғанға дейін бір-бірімізбен дүниауи істеріміз туралы сөйлесе беретін едік», - деді.

Намазда тұрғанда сәлем алынбайды

Абдулла ибн Масғұд (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) намаз оқып жатқанында да сәлем беретінмін. Менің сәлемімді алатын. Бірақ, бір күні Хабашстаннан қайтып келгенімізде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) намаз оқып жатқан уақытында сәлем бергенімде сәлемімді алмады. Намаздан кейін: «Намаз оқып жатып басқа нәрселерге көңіл бөлмеу керек», - деді.

Жабир бин Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мені өзінің бір жұмыстарын тындырып келуге жұмсады. Мен тапсырманы бітірген соң, қайтып келіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәлем бердім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәлемімді алмады. Бір ғана Аллаға аян. Сонда бір шама көңілім ренжіді. Өзіме өзім: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) менің кешігіп қалғаныма ренжіген екен деп ойладым?», - дедім. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қайта сәлем беріп едім, тағыда алмады, көңілім бұрынғыдан да бетер ренжіді. Кейін және сәлем бердім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жолы сәлемімді алып: «Сәлеміңді алмағаныма намаз себеп болды. Мен намаз оқып жатқан едім», - деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түйенің үстінде отырып, құбыладан басқа жаққа қараған бойы намаз оқып жатқан еді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz