Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күн бір түндік жолды «сапар» деп атаған.
Ибн Омар мен Ибн Аббас (р.а.) 4 бұрылымдық (16 фарсах — 36 км) жолға шығатын болса, намазды қаср қылып, оразаны ашып жіберетін еді.
Ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйел кісі 3 тәуліктік жолға жалғыз өзі шықпайды. Тек махрамы¹⁸ мен бірге жолға шығады», — деді.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға және ақырет күніне иман келтірген әйелдің махрамсыз жалғыз өзі бір тәулікке сапарға шығуы дұрыс емес», — деді.
¹⁸ Махрам — неке жүрмейтін жақын адам
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz