10 Қазан 2026, Сенбі 29 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:24
Бесін 12:06
Екінті 15:46
Шам 17:38
Құптан 19:03

Алла Тағала тәқий, ғәний, хафий құлдарын жақсы көреді

Алла Тағала тәқий, ғәний, хафий құлдарын жақсы көреді

Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 4-7 аятында және «Әли Имран» сүресінің 76-аятында: «Алла тақуа құлдарын жақсы көреді», – деді.


Имам Муслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла Тағала тәқий, ғәний және хафий болған құлдарын жақсы көреді».

Тәқий – Алланың бұйырғанын орындап, тыйғанынан тыйылатын тақуа адам.

Ғәний – адамдарға қол жаймаған бай-қуатты адам.

Хафий – өзін жұртқа жария етпей, тыныш қана белестерін бағындыратын адам.

Алла тақуа құлдарын жақсы көреді деген сөз – Алла оларға жәрдем береді, оларға амандық пен саулық береді, оларға қорған болып, олардың жолын ашып, олармен әрдайым бірге болады деген сөз. Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 123-аятында: «Біліп қойыңдар, Алла қашанда тақуа жандармен бірге!», – десе, «Нахл» сүресінің соңғы аятында: «Расында, Алла азабынан қорыққан тақуа құлдарымен әрі үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге», – деп ескертті.

материал «Саф жүрек» кітабынан алынды, 

ummet.kz