24 Қараша 2026, Сейсенбі 14 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 06:06
Күн 07:40
Бесін 12:06
Шам 16:21
Құптан 17:55

Дініміздің береке-бірлікке берген маңызы

Дініміздің береке-бірлікке берген маңызы

Тарихта мұсылмандардың қол жеткізген табыстары береке-бірліктің арқасында болған.

Мұсылмандардың басына түскен ауыртпалықтардың, қиыншылықтардың көпшілігі бірліктің бұзылуы, мұсылмандардың бөлінуінен туындаған.

Алла Құран Кәрімде бізді бірлікке шақыра отырып, былай дейді: “Барлықтарың Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, бөлінбеңдер” ("Әли-Имран" сүресі,103-аят). Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): “Мүминдер – кірпіштерден қаланған бір ғимарат сияқты” дей отырып, дініміздегі береке-біріліктің маңызын білдірген.

Бірлік – қуаттың, күштің көзі, ал бөліну – бәленің көзі. Біздің міндетіміз, мұсылмандар арасындағы бірлікті сақтау, жікшілдікке жол бермеу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұсылмандардың бірлігін бұзғысы келетіндер жайында былай дейді: “Бөлінушілікке жол ашқандар – бізден емес”.

Осы өсиетке құлақ асып, бөлінушілікке жол ашатын істерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz