24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

«Дініңе кітаптың сыртындай мұқаба жаса»

«Дініңе кітаптың сыртындай мұқаба жаса»

Хамид әл-Ләффафқа бір кісі келіп, одан өсиет-кеңес айтуын сұрапты.

Сонда Хамид: «Дініңе кітаптың сыртындай мұқаба жаса», – депті.

Әлгі кісі: «Ол қалай?» - деп сұрағанда Хамид: «Тек зәру нәрселерді ғана сөйлеу, дүниеден тек зәру нәрселерді ғана алу, адамдармен тек зәру қарым-қатынастарда ғана араласу. Ал зуһд – тақуалықтың түп негізі үшеу – үлкен-кіші екендігіне қарамай харам нәрселерден аулақтау, жеңіл-қиындығына қарамай парыздарды орындау, аз-көптігіне қарамай дүниені өзінің тұрғындарына қалдыру», – деген екен.

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz