09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Дұға жасаудың арнайы формуласы бар ма?

Дұға жасаудың арнайы формуласы бар ма?

Дұға – құл мен Ұлы құдірет иесі Алла Тағаланың арасындағы ең берік байланыс құралы. Мүмкіндіктері шектеулі пенденің асыл-мұраттарын құдіреті шексіз Жаратқанға білдіріп, жәрдем тілеуі. 

Дұға жасаудың формуласы мен реттілігі мынадай:

1. Аллаға мадақ;

2. Пағамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) салауат айту: «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әли Мухаммәд.»

3. Күнәларыңның кешірімін сұрау;

4. Бірінші ақыреттегі жағдайынды жеңілдетуді сұрау:

- Уа, Раббым, соңымды қайырлы етші;
- Сүйікті құлдарыңның қатарынан қылып, мені назарыңнан шығармашы;
- Қияметте есебімді жеңілдетіп, амал кітабымның оң жағымнан берілуін нәсіп етші;
- Уа, Раббым, Фирдаус жәннатын нәсіп ет.

5. Ары қарай өзіңнің дұға-тілектеріңді айту;

6. Ең соңында «Рәббана әтина» дұғасын оқу:
«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-әәхирати хасанатән. Уә қинәә азаабән-наар.»

Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер. Және бізді жәһаннам азабынан сақта.

7. Салауат айту;

8. «Әумин» деп бет сипау.

материал «Дұғамен өткен 30 күн» кітабынан алынды,

ummet.kz