1. Эмоцияны рухани жолмен басқар:
* Ашу немесе реніш бойыңызды билеген кезде сәжде арқылы жүректі тынышталдыр.
* Жүрек тыныш емес кезде – намаз оқы, «СубханАлла» деп, зікір айт.
* Іштей булыққан сәтте: «Аллаһумма әжирни мин ғазаби нафси» – (Уа, Алла! Мені өз нәпсімнің ашуынан сақта) деп дұға ет.
* Тасбих намазын оқы. Терең эмоциялық күйзеліс кезінде арнайы тасбих намазын оқып, жүректі жұмсарт.
2. Эмоцияны пайдалы әрекетке бұр:
* Ашуландың ба? – Суға қара, дәрет ал, тыныштықта қал.
* Ренжідің бе? – Кешірім дұғасын оқы, Алла тағаладан сауап сұра.
* Қуаныш келді ме? – Шүкір айт, оны бөліс.
3. Эмоция күнделігін жүргіз
Күніне 5 минут өз сезімдеріңді жаз:
* Бүгін мені не қуантты?
* Не ашуландырды?
* Қандай ой мені мазалады?
* Қандай дұға жасадым?
Бұл жүрек тәрбиесі мен өзін танудың тиімді құралы.
4. Ашық сөйлесуді үйрен
Эмоцияны іште тұншықтырма. Қасыңыздағы адамдармен ашу басылған соң ересек адам секілді сөйлесіп, мәселені жақсы жаққа қарай шешуге тырыс.
Бұл – әлсіздік емес, рухани жетілу көрінісі.
5. Денеңді де ұмытпа:
* Ашу, реніш сияқты эмоциялар денеде жиналып қалуы мүмкін.
* Серуендеу, жеңіл дене жаттығуы, терең тыныс – ішкі күйді реттеуге көмектеседі.
* Арнайы дұға мен зікірлермен үйлестірсең – тән мен жан бірге тазарады.
6. Кешіру – өзіңе сыйлық
* Реніш – жүректі ауырлататын жүк.
* Кешірім – рухани жеңілдік, шипа.
* Кешіре алмасаң – жүрегің босамайды.
7. Таңды Алламен баста, кешті Онымен аяқта
* Күннің басы мен соңы – жүрек пен нәпсіге әсер ететін негізгі уақыттар.
* Таңда – сабыр мен үмітті, кеште – рақымдылық пен кешірімді тіле.
* Сол кезде эмоцияң – ауырлық емес, ресурс болады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Эмоция – дұшпан емес, Алланың берген ішкі белгісі. Егер оны дұрыс танып, рухани тұрғыда бағыттасаңыз, өміріңіз жеңілдейді, жүрегіңіз тынышталады, қарым-қатынастарыңыз гүлденеді.
материал «Ғайыптан келген мейірім» кітабынан алынды,
ummet.kz