18 Қыркүйек 2026, Жұма 7 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:20
Күн 05:49
Бесін 12:13
Шам 18:27
Құптан 19:55

Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетін Рабиғаһтай білетін ешкімді көрмедім

Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетін Рабиғаһтай білетін ешкімді көрмедім

«Пайғамбар сүннетін Рабиғаһтан артық білетін ешкімді көрмедім...» (Ибн Әл-Мәжашун)


Һижраның 51 жылы. Мұсылмандардың дағуатшылар тобы жер шары­ ның шығысына, батысына тарап, адамзатқа айқын сенім ұсынып, қол ұшын созып келеді. Адамның адамға құл болуынан, адамды адамның қанауынан азат етіп, тек серіксіз Алла Тағалаға бағыну заңдылықтарын таратып жатыр.

Кемеңгер сахаба, жеңілмес қолбасшы, Хорасанның әмірі, Сижистанды басып алушы, Әр-Рабиғ ибн Зияд Әл-Хариси Алла Тағала жолында жорыққа шыққан әскерді басқарып келеді. Онымен бірге көмекші құлы ержүрек Фаррух келеді. Алла Тағаланың нәсібімен Сижистанды және тағы басқа жерлерді басып алғаннан кейін Сайхуннан (Амудариядан) өтіп Мәуәраәннәһір деп аталатын елдің шыңдарына Таухид жалауын тігуді ойлап еді.

Әр-Рабиғ уәде етілген шайқасқа барлық даярлық­ ты жасап, жаумен кездесетін жерді және уақытты белгіледі. Шайқас басталысымен-ақ Әр-Рабиғ пен әскері ерлік көрсетіп, жауға қарсы ұмтылды. Олардың сол кездегі ерлігін әлі күнге дейін халық ұмытқан емес. «Аллаға шүкір», «Алла ұлығ» деп, еске түсіріп келеді. Шайқас алаңында Фаррух ерлік көрсетіп, ерекше көзге түсті. Бұл батырлығы қолбасшының ел алдындағы абыройы мен мерейін көтерді. Дүниені дүр сілкіндірген мұсылмандардың қолы жаудың сапын тез арада бұзып, артқы топқа жігер берді. Шайқас мұсылмандардың тарихи жеңіске жетуімен аяқталды.

Осылайша Түркі елін айырып, Қытайға барар жолды бөгеп, Соғдияны қорғап тұрған өзеннен де мұ­ сылмандар өтті. Ұлығ қолбасшы дариядан өткеннен кейін тасып жатқан өзен суынан дәрет алып, әскерлерімен бірге шүкір намазын оқып, Алланы дәріптеді. Жеңіске жет кізген тек Алла деп біліп, шүкіршілік етті. Намаз соңынан шайқаста ерлік көрсеткендерге алғысын айтып, марапаттады. Солардың ішінде ерекше көзге түскен Фаррухтың ерлігін мақтап, оны құлдықтан босатып, оған бөлінген соғыс олжасына өз үлесінен де қосып берді. Осы ұлығ оқиғадан кейін көп ұзамай екі жылдан кейін Әр-Рабиғ ибн Зияд ибн Әл-Харисидың ажалы келіп, өзінің мақсатына жеткеннен кейін көз жұмды. Раббысына разы боп, ризашылықпен кетті.

Ал ержүрек батыр Фаррух қолбасшысы берген олжасы мен ең қымбат бостандығын алып, Пайғамбар (с.а.у.) қаласы Мәдинеге оралды. Ұлығ қалаға көптеген батырлық, қаһармандық оқиғаларын басынан өткізіп, көптеген шайқастардың куәсі болып қайтты. Мәдинеге келген кезде Фаррух әлі жас, белсенді, батыр, ержүрек жігіт еді. Отыз жасқа жақындап қалған батыр отбасын құру мақсатымен Мәдине қаласының орталығынан үй сатып алды. Ақылды да сымбатты, діндар, өзінің жасына сәйкес қызға үйленді. Алла Тағала берген үйі, сымбатты да салихалы әйелімен бірге сүрген бақытты отбасылық өмірі мү­ мин батырдың шайқастарға деген құлшынған көңі­ лін, қылыш сермеуге ынтыққан, Алла Тағала жолында күресті қайта бастауға деген шабытын баса алмады. Мәдине қаласында Алла жолында жорыққа шық­ қан мұсылман әскерлерінің жеңістерін естігенде жүрегі тулап, шайқасқа шығуға құлшынып тұратын.

***

Бір күні ол Пайғамбар (с.а.у.) мешітінде имамның Алланың жолында мұсылман әскерлерінің шайқас­ тарда жеңіске жеткенін хабарлағанын, Алла жолында шайқасқа шығуға, Оның ризашылығы мен дінінің ұлығтығы үшін құрбан болуға шақырып тұрғанын естиді.

Ол – осы майдандардың біріне барып, мұсыл­ ман­ дардың туының астында шайқасқысы келіп жүр­ генін, шайқасқа аттануға ниет қылғанын жұбайына айтты. Сонда жұбайы:

– Әй, Абдуррахманның әкесі! Мені және құрса­ ғымдағы балаңды кімге қалдырасың? Мәдинеге әлі де жатсың, руластарың, жақын-туысың да жоқ, – деп сұрағанда, Фаррух:

– Алла пен Пайғамбарына қалдырамын. Өзіңе отыз мыңдай динар қалдырып барамын. Оны сақтап, көбейтіп, өзіңнің және нәрестеңнің керегіне мен келгенше жаратарсың. Немесе, өзім армандап жүрген шәһид болу бұйырар, – деп қоштасып, майданға аттанды.

***

Инабатты әйел күйеуі шайқасқа аттанғаннан бірне­ ше ай өткеннен кейін босанды. Айдай жарқын, сүйкім­ ді бір ұл туды. Баланың өмірге келгеніне қатты қуанып, әкесінің жоқтығын ұмыта жаздады. Оның есімін «Ра­ биғаһ» деп қойды. Рабиғаһтың бала күнінен-ақ зерек екені белгілі болды. Істері мен сөздерінде алғырлық нышандары бай­ қалды. Шешесі ұлын мұғалімдердің қолына тапсырып, дұрыстап сабақ оқысын деп өтініш жасады. Тәрбиешілерді шақырып, олардан дұрыс тәрбие беруді талап етті. Көп ұзамай оқу-жазуды үйреніп, Алланың кітабын Пайғамбарына (с.а.у.) түскендей етіп ашық дауыспен жатқа68оқып, хафиз атанды. Сонымен қатар, Алла Елшісінің (с.а.у.) біршама хадистерін жаттады. Араб әдебиетіндегі шешендік сөздер мен дастандарды да оқып, ұға білді. Әрине, дін ғылымдарынан керекті білімді де жетік меңгерді.

Мұғалімдер мен тәрбиешілерден шешесі ақшасын аямады. Рабиғаһтың күннен күнге білімі артып, жақсы жетіліп келе жатқанына қатты қуанды. Әкесінің кел­ генін күтті, баласын көзінің қарашығындай сақтауға тырыс­ ты. Бірақ Фаррух көпке дейін келмеді. Кейіннен ол жайында алыпқашпа сөздер де көбейді. Біреулер оның жау қолына тұтқынға түсіпті деп қауесет таратса, кейбіреулер әлі күнге дейін шайқасып жүр дейтін болды. Бірақ майданнан қайтқан үшінші топ «Ол арманына жетіп шәһид болды» деген хабар әкелді. Рабиғаһтың шешесі осыны естіп, қайғыға батты. Оған Алла Тағаланың мейрімі мен жәннатын сұрады.

Рабиғаһ сол кезде жасы балағатқа толып, бозбала жасына кіріп қалған еді. Шешесіне насихат етушілер былай деп ақыл айтты:

– Мына Рабиғаһ өз жасындағылардан асып түсіп, оқу-жазуды кемел меңгеріп, Құран мен Хадисті жаттап алды. Ол енді бір кәсіп үйренсе, жақсы болар еді. Сені және өзін қамтамасыз етіп отырар еді, – деді. Анасы оларға:

– Алла Тағала сәлихалы өмір берсін. Рабиғаһ өзіне ғылым жолын таңдады. Өмір бойы шәкірт әрі ұстаз болып өтуді қалады.

* * *

Рабиғаһ алға қойған мақсатына сүрінбей жету үшін ешнәрсеге алаңдамай білім жолында аянбай еңбек етті. Мәдине мешітіндегі теңіз толқынындай болған білім алқаларына қатысып, мөлдір бұлақтан су ішкендей ғылымға деген шөлін қандырды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жер бетінде тірі жүрген ұлығ сахабаларынан, әсіресе, Оның қызметшісі Әнәс ибн Мәликтен дәріс алып, жандарынан шықпады. Сонымен қатар, алдың­ ғы қатардағы тәбиғиндерден көп нәрселер үйренді. Айталық, Сағид ибн Әл-Мүсәйяб, Мәкхүл Әш-Шами, Сәләмә ибн Динар. Күні-түні сабақ оқып, қатты шаршайтын. Сонда бірге серуендеп қайтуға шақырған жігіттерге ол былай деп жауап беретін:

– Ұстаздарымыз былай демеуші ме еді: «Білім, бар лық нәрсеңді бермейінше, өзінің жартысын да бер­ мейді». Көп ұзамай, Рабиғаһтың есімі көп айтылып, жұл­ дызы жарқы рап, бауырлары көбейіп, шәкірттері құр­ меттеп, қауымы қастерлей бастады. Мәдинелік ғалы­ м­ ның өмірі ерекше мамыражай тыныштықта өтіп жат­ ты. Уақытының жартысын үйіне, бауырларына бөл­ се, жартысын ғылым алқаларына қатысып, Алла Елші­ сінің (с.а.у.) мешітінде өткізетін болды. Бір күні тыныш өмірінде ойға келмеген оқиға болды.

Жаздың айлы түндерінің бірінде Мәдине қаласына алпыс жасқа таяп қалған бір жауынгер батыр кіріп келді. Салт атты үйіне қарай беттеп келеді. «Үйі сол қалпында тұр ма, әлде, уақыт өз жұмысын атқарып үлгерді ме?», – деген оймен келеді. Оның үй-ішін көрмегеніне отыз жылдай болып еді. Өз-өзінен сол кезде үйде қалдырған жас әйелі мен оның құрсағындағы бала жайында ойланып келеді. Ұл ма, қыз ба? Тірі ме екен? Тірі болса, не істеп жүр екен? Алла жолында Бұхара мен Самарқандты азат ету үшін кеткен жорықтың алдында қалдырған қыруар қаражат не болды екен? Қараңғы түссе де Мәдиненің көшелерінде адамдар қаптап жүрген еді. Адамдар түнгі намазды енді оқып бітіріп жатқан еді. Жол-жөнекей салт аттыға мойын бұрып қараған адамдардың ішінен бірде-біреуі оны таныған жоқ. Олардың көңіл аударғандары – бейтаныс жолаушының арғымақ сәйгүлігі, жалтыраған қылышы болды. Мұсылман қалаларында адамдар шайқасқа кеткен немесе қайтып келген жауынгерлерді жылы шыраймен қабылдап, қызыға қарасатын. Жауынгер өзгеріп кеткен көшенің біріне кірді, ойға шомған күйінде үйінің алдына қалай келгенін білмей де қалды. Есік ашық тұр екен.

Қуанғаны соншалықты, үй иелерінен рұқсат сұрауды ұмытып, ішке енді. Есіктің сықырын естіген үй иесі екінші қабаттан қарап, ай жарығында ауыр сауыт-сайман киген, қылышы мен найзасын асынған бөгде кісіні көрді. Үйіне баса-көктеп кірген кісіге қатты ашуланып, жалаң аяқ төменге түсті:

– Қараңғы түнді пайдаланып, үйіме баса көктеп кіріп, әйеліме, намысыма қол салайын деп тұрсың ба, Алланың жауы! – деп айқай салды. Апанына қауіп төнген арыстандай ұмтылды. Жауынгердің ауыз ашуға да мұршасын келтірмеді.

Екі кісі бірден алыса кетті. Олардың дүбіріне көр­ шілер жиналып, қоңсыларына болысып, бөгде адам­ ды ортаға алды. Үй иесі жауынгердің жағасынан алып:

– Сені тек әкімнің алдында ғана босатамын. Бұлай құтылып кетпейсің, Алланың дұшпаны! – деді.

– Мен Алланың дұшпаны емеспін. Ешқандай қыл мыс істегенім жоқ. Бұл – менің үйім. Өзім сатып ал­ ғанмын, есік ашық болғаннан кейін кірдім, – деп жауап берді жауынгер. Жиналған адамдарға қарап:

– Халайық! Мені тыңдаңыздар. Бұл үй – менікі. Өз ақшаммен сатып алғанмын. Мен – Фаррухпын. Алланың жолына шыққанына отыз жыл өткеннен соң мұнда Фаррухты танитындар қалмаған еді.

Үй иесінің шешесі ұйықтап жатқан еді. Айқайды естіп, оянып кетті. Жоғарыдағы терезеден қарады. Өзінің күйеуін көрді. Қорқыныштан тілі күрмеліп қалды. Біраз кідіріп тұрды да:

– Жіберіңдер оны, Рабиғаһ! Жібер оны. Ол – сенің әкең. Халайық, сіздерді Алла жарылқасын, тараңдар! – деді. Сонан соң Фаррухқа қарап:

– Әй, Әбу Абдур­ рахман! Сенің жағаңнан алған – өз кіндігіңнен шыққан ұл – деді.

Әйелдің сөзін естіген бойда, Фаррух баласын құ­ шағына алып, қатты қысты. Рабиғаһ та әкесінің қолын, мойнын сүйіп жатыр. Біраз уақыт құшақтасып тұрды. Адамдар да тез тарасып кетті. Жылдар бойы хабарсыз кеткен күйеуін үш ұйықтаса да осы жерде көрем деп ойламаған Рабиғаһтың шешесі де түсіп, батырмен амандасты. Фаррух әйелінің қасына жайғасып отырып, жағдайын баяндады. Хабарсыз кеткенінің себебін түсіндірді. Бірақ әйелі оның сөздерін ұғып жатпады. Күйеуімен қайта қосылғанына, баласы мен әкесінің қауышқанына шексіз қуанғанымен, оны келеңсіз бір ой толғандыра бастады. Қалдырған қыруар дүниесі­ нің бәрін жұмсап қойды. Ішінен: «Маған аманат ретінде қалдырған ақшаны сұраса, қалай жауап беремін. Ма­ған «Ретімен жұмса» деп еді ғой. Түк қалмады деп қалай айтамын?!

Ұлыңның тәрбиесі мен біліміне жұм­ садым десем, қалай қарайды? Баланы оқытуға отыз мың динар кете ме? Ұлының қолы

кең, жомарт екенін, мыңдаған қаражатты достарына жұмсағанын білсе, қалай болады? Мәдиненің бәрі оның қайда жұмсағанын біледі», деп ойға шомып отырғанда, күйеуі бұрылып: қаржының бәрін шығар, мынамен қосып, бір үлкен жер иелігін немесе бақша алып, содан түскен пайдаға өмір сүрейік, – деді. Әйелі біраз кідіріп қалды. Сонда тағы да қайталап:

– Шығар, мынаны қосып қояйын! – деді.

– Бір жерге қойғанмын. Біраз күннен кейін алып беремін, – деп

жауап берді әйелі. Олардың әңгіме­ сін азаншының даусы бұзды. Фаррух қолына құман алып, дәрет алуға кетті. Есіктен шыға бере әйеліне бұрылып:

– Рабиғаһ қайда? – деп сұрады.

– Бірінші азан айтылысымен-ақ, сенен бұрын ке­ тіп қалған, – деп жауап берді, – Сен жамағатпен оқуға үлгермейсің. Фаррух мешітке келгенде, имам намазды бітіріп қалған екен.

Парыз намазын оқып болғаннан кейін, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кесенесіне барып, Алланың Елшісіне сәлем берді. Кейін Пайғамбар мінбері мен кесенесінің арасында орналасқан «Таза Баққа» беттеді. Жүрегі оған деген сағынышқа толып, сол жерде намаз оқуға асығып келеді. Қасиетті жерден орын алып, нәфіл намазын оқыды. Алланың Елшісіне сала­ уат пен сәлем жолдап, ұзақ уақыт дұға қылды. Мешіттен шығуға ниеттене беріп еді, сол жерде ғылым алқасына жиналған адамдарды көрді. Жас бір шәйхтің қасына шеңбер құрып отырған адамдар мешіттің кең дәлізін толтырып жіберіпті.

Алқаға қатысушылардың арасында жасы да, қарты да, байы да, кедейі де бар. Олардың шәйхтерін қатты құрметтейтіні олардың тып-тыныш отырысынан-ақ білініп тұр. Жастары қаламдарын алып, ұстаздарының айтқанын қалт жібермей төгілген маржандай етіп ақ қағазға түсіріп отыр. Олар қаншалықты жылдам жазса да, парақ бетіндегі жазулар зергердің тізіп қойған қымбат бағалы әшекейлері сияқты тізбек­ теліп жатыр. Адамдардың бәрі ұстазға қарап, бас­ тарына торғай қонғандай қимылсыз тыңдап отыр. Фаррух шәйхтің кім екенін білгісі келді. Оның осындай халықты жинап, құрметке ие болып отырғанына таң қалып, келбетіне бір көз салғысы келді. Көп ұзамай ұстаз дәрісін тәмамдады. Шәйх тұра берісімен қасына адамдар топырлап, оны мешіттің есігіне дейін шығарып салды. Шәйхтың қасына бара алмаған Фаррух қасындағы кісіден:

– Мынау кім? – деп сұрады. Таң қалған кісі:

– Сен мәдиенелік емессің бе? – деп сұрады.

– Иә, мәдинелікпін – деп жауап берді Фаррух.

– Мәдинеде біздің шәйхті білмейтін де адам бар екен-ау, – деп қалжыңдады ол.

– Менің Мәдинеден кеткеніме отыз жылдай болды. Кеше ғана келіп отырмын. Білмесем, кешіріңіз, – деді Фаррух.

– Отыр онда. Осы кісі жайында біраз әңгіме айтып берейін. Сен сұрап отырған шәйх – ұлығ тәбиғиндер­ дің, мұсылман ғұламаларының бірі. Өзі жас болса да, Мәдиненің хадисшісі, ғалымы әрі имамы.

– Мә шә Алла! – деп, таң қалды Фаррух.

– Ал оның алқасына қатысып отырғандар – Мәлик ибн Әнәс, Әбу Ханифа ибн Ән-Нұғман, Яхия ибн Сағид Әл-Ансари, Суфиян ибн Әс-Сәури, Абдуррахман ибн Амр Әл-Әузағи, Ләйс ибн Сағд және тағы басқалар.

– Бірақ... – дей беріп еді, әңгімені тағы да бейтаныс адам жалғастыра жөнелді.

– Ол – өзі жомарт әрі кішіпейіл мырза. Досын немесе досының ұлын сыйласуда қолы да, жүрегі де кең адам. Дүниеге қызығушылығы жоқ. Алланың сауабынан басқа нәрсені қаламайды.

– Әлі атын да айтпадың? – деп Фаррух сұрады.

– Ол – Рабиғаһ Әр-Рай, – деп жауап берді.

– Рабиғаһ Әр-Рай? – деп тағы да сұрады Фаррух. Сонда әлгі

кісі:

– Иә, оның аты – Рабиғаһ. Бірақ Мәдиненің ғұла­ малары мен шәйхтері «Рабиғ Әр-Рай» деп атап кеткен. Оған себеп: олар қандай да бір мәселеге қатысты Алланың кітабынан және Пайғамбар хадисінен мәтін табу керек болса, осы шәйхке келеді. Ол сол мәселе бойынша «қияс» жасайды. Яғни, мәтіні бар мәселе мен мәтіні жоқ мәселені салыстырып, үкім шығарады. Үкіміне тән мен жан қанағаттанады.

Сонда Фаррух оған қарап:

– Оның аты-жөнінде менің атым неге жоқ? – деп ренішпен сұрайды.

– Оның әкесінің аты – Фаррух, Әбу Абдуррахман деген лақаб аты болған екен. Әкесі Алла жолында күресуге аттанғанда, Рабиғаһ анасының құрсағында қалыпты. Шешесі өсіріп бағыпты. Намаздан бұрын адамдардың «әкесі қайтып келіпті» дегенін естідім.

Сонда Фаррухтың көзіне жас келді. Оның көзі неге жасаурап  отырғанын білмеген кісі бұған көңіл де аудармады. Фаррух оның әңгімесін аяғына дейін тыңдап, үйіне қайтып келді. Жылап келген күйеуін көрген Рабиғаһтың шешесі:

– Рабиғаһтың әкесі, сізге не болды? – деп сұрады. Фаррух:

– Қуанғаннан көңілім босап тұр. Баламнан артық білім мен даңқта осындай биік дәрежеге жеткен еш­ кімді көрмедім, – деп жауап берді. Сонда осы сәтті пайдаланған шешесі былай деп сұрады:

– Отыз мың динар артық па, балаңның осындай биік шыңға шыққаны артық па?

– уаллаһи, баламның білімі дүниенің бәрінен ар­ тық, – деп жауап берді.

– Маған қалдырған қаржының бәрін сол үшін жұмсадым. Менің істегеніме көңілің толды ма? – деп сұрады шешесі.

– Иә... Алла разы болсын. Мұсылмандардың сауабына кенелдің!

материал «Табиғиндер өмірінен өнегелер» кітабынан алынды, 

ummet.kz