03 Қазан 2026, Сенбі 22 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:12
Бесін 12:08
Екінті 15:59
Шам 17:53
Құптан 19:19

Естіген аяттың дәл саған арналып түскеніндей сезіну – белгі

Естіген аяттың дәл саған арналып түскеніндей сезіну – белгі

«Мен от жарығын көрдім» (“Тahа”, 10)


Алла бізге әрқашан белгілер жібереді. Сені дүр сілкіндерген жаназамен ишарат береді. Ол жаназа саған: «Алладан осыншама уақыт алыс болғаның жетпей ме? Тәубенің уақыты келді!» – деп айтады.

Құраннан естіген аяттың дәл саған арналып түскеніндей сезіну – белгі! Құлағына шалынған хадисті адамдар мың төрт жүз жылдан бері «бұл хадистегі меңзелген адам ол сенсің» деп, тек сен үшін көтеріп алып келгендей сезіну – белгі. Сенің ішіңдегі дауыстың: «Бұл жолмен жүруші болма. Бұл адам саған зиян келтіреді. Бұл қызметке сай келмейсің. Бұл мүмкіндік – тұзақ!» – дегенін есту – белгі.

Бұл белгілерді Алла саған бостан-бос жібермейді.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz