07 Қазан 2026, Сәрсенбі 26 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:19
Бесін 12:07
Екінті 15:51
Шам 17:44
Құптан 19:10

Қайтыс болған кісіге қатты дауыс шығарып жылаудың мәкруһтығы

Қайтыс болған кісіге қатты дауыс шығарып жылаудың мәкруһтығы

Имам Бухари: «Нақғ — басына топырақ шашу, ал лақлақа — аттан салып жылау дегені», — деді.


Муғийра (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегенін естігенмін», - деді: «Әлбетте, менің атымнан жалған сөз айту басқа бір адамның атынан өтірік сөз айту сияқты емес. Кімде-кім менің атымнан жалған сөз айтса, өзіне тозақтан орын дайындай берсін! Кімде-кім өлген кісіге аттан салып жыласа, (аттан салып жылағаны себепті) сол мәйіт азапқа салынады», - деді.

Ибн Омардың (р.а.) атасы риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Мәйіт оған айқайлап, аттандап аза тұтып, жылауларының себебінен қабірде азапталады”, - деп айтты», - деді.

Шуғба (р.а.): «Мәйіт, оған аза тұтушы (артындағы) тірілердің жылауы себебінен (қабірде) азапталады», - деді.

Ибн ул-Мункадирға Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деп риуаят еткен екен: «Ұһұд соғысы күні әкемнің мәйітін киіміне ораған бойы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына алып келді де, ол кісінің құлағы мен мұрнының кесіліп тасталғаны туралы айтты. Мен барып бетін ашпақшы болып едім, көпшілік рұқсат етпеді. Содан соң тағыда барып ашпақшы болып едім, көпшілік және рұқсат етпеді. Содан кейін тағыда барып ашпақшы болып едім, көпшілік бұл жолы да рұқсат етпеді. Кейіннен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі “ашыңдар!”, - деп бұйырды. Бетін ашты. Сонда бір әйелдің аттандаған дауысы естілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Ол кім?”, - деді. “Амрдың қызы әлде Амрдың қарындасы”, - десті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Жыламасын!”, - деді. Кейін табытты көтергенше періштелер қанаттарымен әкемнің үстіне көлеңке қылып тұрысты», - деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz