03 Қазан 2026, Сенбі 22 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:12
Бесін 12:08
Екінті 15:59
Шам 17:53
Құптан 19:19

Құран кәрімде харам етілген жалғыз жануар

Құран кәрімде харам етілген жалғыз жануар

Құран кәрімде харам етілген жалғыз жануар доңыз турасындағы тыйымды сөзіне сүйеніп еті ғана харам деу бұл аятты үстірт түсінуге жатады.


Себебі доңыз секілді лас һәм жиіркенішті жануардың еті харам етіліп, қалған ағзалары адал етілуі шариғаттың асыл мақсаттарына сай келмейді. Оның үстіне мұндай үкім қолда өсірілетін есек пен жыртқыш хайуандарға да жүрмейді. Әбу Дәуітте келген мына хадис шәрифте доңыздың тұтастай харам етілгендігі сөзімізді қуаттай түседі:

«Расында, Алла ішімдікті және оның құнын, өлексені және оның құнын, доңызды және оның құнын харам етті».

Доңыздың харам етілуінің көптеген хикметтері бар. Доңыз жылына екі, үш рет төлдейді және торайының саны жиырмаға жуық болады. Төлдегеннен кейін алғашқы үш айда салмағы 120 кг-ға дейін жетеді және 30 жыл өмір сүреді. Сонымен қатар ол тамақ таңдамай әртүрлі нәрсені жей береді. Демек, доңызды өсіруге көп шығын жұмсалмайды, ал әкелетін материалдық кірісі көп. Осындай ерекшеліктерге ие доңызды адамдардың тағам ретінде тұтынуы оншалықты жақсы емес. Өйткені оның ағзасында адам денсаулығына аса қауіпті көптеген заттар бар.

Бүгінгі таңдағы дамыған ғылыми зерттеулер де, заманауи медицина да доңыздың ағзасында бірқатар ауруларға себеп болатын таспа құрттар мен микробтар бар екенін анықтаған. Тіпті оның денсаулыққа беретін зияны сондай жер жерлерде адам өліміне де себеп болған. Себебі жасалған зерттеулер жануар еттерінің арасында адамды ауруға шалдықтыру ықтималы жоғары ет – доңыз еті екендігін көрсеткен.

Доңыздың еті мен майы өзге жануарлардан өзгеше. Ол доңыз құрты, доңыз обасы, доңыз тілмесі (қызарып ісетін ауру), доңыз тұмауы, құтыру, түйнеме (сибирская язва), маңқа, туберкулез секілді ауруларға себеп болады. Сонымен қатар доңыз етінде холестерин мен майлы қышқылдар адамды артериосклероз, қан қысымы, буынның қабынуы және аллергия секілді бірқатар ауруларға шалдықтырады. Кейбір сарапшылар доңыз майының Е дәруменін жойып, еркек пен әйелдердің арасындағы сүйіспеншілік сезімін әлсірететінін және бедеулікке душар ететінін айтқан.

Доңыз тамақтану тәсілі, жүріс-тұрысы, жалпы болмысы адам жиіркенетін жануар. Өйткені ол ластығына қарамастан кез келген нәрсені жей береді. Тіпті өзінің баласын да жей салады. Бұған қоса, ол қомағай, ашкөз, жалқау, қимыл-әрекеттері жөнсіз әрі кейде біржынысты жақындасуға да бара беретін жиіркенішті жануар. Доңыз етін жеу адамның бойындағы ұят, қызғаныш секілді сезімдердің жоғалуына алып баратыны бұған дейін айтылып болатын.

Осындай жағымсыз сипаттары болғандықтан «доңыз» сөзі барша халықтарда ұнамсыздық, ұсқынсыздық мағынасын береді. Міне, доңызға қатысты айтылған осы мәселелерді саралайтын болсақ, Құран кәрімнің оны неліктен «харам» дегендігі өздігінен түсінікті болады. Расында да ол лас, жиіркенішті адам табиғатының тіксіне қарайтын жануар.

Алайда бұл жерде бір нәрсені ескеру керек, доңыздың харам болуының иллеті оның аталмыш ұнамсыз сипаттары емес, Ұлы Жаратушының бұйрығы.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz