30 Шілде 2026, Бейсенбі 16 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:28
Күн 04:31
Бесін 12:26
Екінті 17:44
Шам 20:10

Кісіге берілген ең жақсы нәрсе не?

Кісіге берілген ең жақсы нәрсе не?

Әйгілі ғұлама, табиғин Абдулла ибн Мубаракка біреу келіп былай деп сұраған екен.

- “Кісіге берілген ең жақсы нәрсе не?”

- “Мол ақыл”.

- “Ақыл берілмесе не болмақ?”

- “Онда жақсы мінез керек” .

- “Жақсы мінез бұйырмаса қайтпек керек?”

- “Кеңес сұрап тұратын жанашыр бауыр керек”.

- “Ондай жанашыр жан табылмаса қайтпек керек?”.

- “Олай болса “ләм-мим деп жақ ашпау” керек”.

- “Ондай қасиет бұйырмаса қайтпек керек?”.

- “Жылдам келер өлім керек”.

Кейде шынымен-ақ “үндемеген үйдей бәледен құтылыпты” деген ақиқат қой.

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz