24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Құранды оқу мен тыңдаудың әдептілігі

Құранды оқу мен тыңдаудың әдептілігі

Құранды оқу мен тыңдаудың әдептілігі:


1. Мүмкіндігінше құбыланы бетке алып оқу;
2. Құран оқудың алдында құрмет әрі тазалық ниетімен мисуак қолдану;
3. Дәретті болу (міндетті түрде);
4. Киімі мен дене мүшелерінің таза болуы;
5. Құран сөздерінің мағыналарын түсінген жағдайда ой жүгіртіп, терең ойлану;
6. Бар ықыласты тек Құранға арнап, өзге нәрселерге на -зар аудармау;
7. Шамасы келгенше ырғақты сақтап, әуенін келтіріп әдемілеп оқу, алайда әндетіп кетуден сақ болу керек;
8. Құран оқығанда көңіл-күйді бөлетін нәрселерге қарауға, күлуге және өзге де әдептілікке сай емес әрекеттерге баруға болмайды.

Сондай-ақ Құранды тыңдап отырған адам да жоғарыдағы әдептілікті сақтауы тиіс. Оқылып жатқан аяттарды түсініп жатса, оны уағыз-насихат ретінде қабылдаған абзал. Құранда ол жөнінде былай делінген: «Құран оқылғанда, оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер» («Ағраф», 204).

материал «Құран оқып үйренейік» кітабынан алынды,

ummet.kz