24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Мына төрт белгі бойыңызда болса – бақыттысыз!

Мына төрт белгі бойыңызда болса – бақыттысыз!

Пайғамбар (с.а.с.) былай депті:  

«Сорлылықтың белгісі төртеу:

1.  Алланың алдында сақтаулы тұрған өткен күнәларын ұмыту;

2.  Қабыл болғанын білмей бұрынғы жақсылықтарын айту;

3. Дүниеде өзінен жоғары тұрғанға қарап өкіну;

4. Діни жағынан өзінен төменге қарап шүкірлік ету.

Сонда Алла Тағала: «Мен оны қалап едім, бірақ ол мені қаламады, сондықтан оны тәрк еттім» дейді.

 

Бақыттылықтың белгісі төртеу:

1.  Өткен күнәларды еске алып тұру;

2. Өткен жақсылықтарын ұмыту;

3. Өзін діни тұрғыдан өзінен жоғары адаммен салыстыру;

4. Дүниелік халін өзінен төмен адаммен салыстырып, шүкірлік ету».

Кейбір хакімдердің айтуынша иманның төрт нышаны бар. Олар: тақуалық, ұят, шүкірлік, сабырлылық.

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz